РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4-тармақшасына және аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып ШЕШIМ ЕТЕМIН:
1. Шұбарсу ауыл округiне қарасты, Атамекен елді мекеніндегі атаулары жоқ көшелерге Бәйтерек, Көктем, Жас алаш, Аль-Фараби, Арыстанбаб, Абай, Отырар, Бейбітшілік, Бостандық, Нұрлыжол, Болашақ, Бірлік, Ержар, Ақжайық, Еділ, Сардаба, Достық, Береке, Жеңіс, Егеменді, Ынтымақ, Ноғайлы, Алғабас, Тыныштық, Мырзашөл, Жаңадала, Ақбұлақ, Қазақстан, Асық ата атаулары берілсін.
2. Осы шешiмнiң орындалуын қадағалау Шұбарсу ауылы округi әкiмiнің орынбасары А.Бердешовке жүктелсiн.
3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткеннен соң қолданысқа енгiзiлсін.
Шұбарсу ауыл округі әкімі А.Нурмуратов