2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды Отырар ауданының әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы N 454 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 28 желтоқсанда N 14-9-151 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 7 тамыздағы № 1010 хатымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданы әкімдігінің 2012.08.07 № 1010 хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 «Қазақстан Республикасында әскери мiндеттiлер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алуды жүргiзу тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы» қаулысына сәйкес Отырар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурызында Қазақстан Республикасының 1995 жылы туылған 2012 жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарын Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесінде тіркеуі жүргізілсін.
      2. 1995 жылы туылған жастарды әскерге шақыру учаскесіне тіркеуді жүргізу үшін мына құрамда тіркеу комиссиясы құрылсын:

Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша);

Абилаханова Сымбат Муталханқызы

аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары;

комиссия мүшелері:

Әлімқұлов Мұрат Әлімқұлұлы

аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қызмет жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

Орынбеков Жұмахан Жүсіпханұлы

аудандық емхананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы (келісім бойынша);

Игілікова Құндызай Уалиханқызы

аудандық емхананың мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша).

      3. Отырар аудандық емханасына (бас дәрігер Ш.Құрманбекова – келісім бойынша):
      1) 1995 жылы туылған азаматтарды дәрігерлік тексеруден өткізуді ұйымдастыру мақсатында медициналық комиссиясын қажетті медициналық құрал-жабдықтар және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету;
      2) тіркеу комиссиясының жолдамасы бойынша тіркелушілерді жедел түрде стационарлық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету;
      3) тіркелушілерді жалпы анализ тапсырудан, электрокордиологиялық және флюорографиялық тексеруден уақытылы және үзіліссіз өтуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
      4. Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (бөлім бастығы Б.Ошақбаев – келісім бойынша):
      1) тіркеуге алу кезінде Отырар аудандық білім бөлімімен бірлесіп, шақырылушы жастар арасында әскери-патриоттық мәселелер бойынша тәрбиелік және түсініктеме жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу;
      2) тіркеуді жүргізудің қорытындысы жөнінде және тіркеу комиссиясының атқарған жұмысы туралы аудан әкіміне 2012 жылдың 5 сәуіріне дейін ақпарат беру ұсынылсын.
      5. Отырар аудандық білім бөлімі (бөлім бастығы - Ж.Көлбай) және ауыл округтерінің әкімдері:
      1) шақырылушы жастардың тізімдерін және құжаттарын Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне уақытылы ұсынылуын қамтамасыз етсін, шақыру қағаздарын уақытылы таратылуын бақыласын;
      2) бекітілген кестеге сәйкес тіркелушілерді белгіленген мерзімде шақыру учаскесіне алып келу және алып қайтуды бастапқы әскери дайындықты оқытушы – ұйымдастырушылары мен әскери есеп столының мамандары арқылы ұйымдастырсын.
      6. Отырар аудандық ішкі істер бөліміне (бөлім бастығы Қ.Жандарбеков – келісім бойынша):
      1) тіркеуден жалтарғандарды іздестіру және шақыру пунктіне жеткізуге, сондай-ақ тіркеу уақытында шақыру пунктінде тәртіп сақтау үшін бір қызметкерді бөлуге көмек көрсету;
      2) 2012 жылдың 1 сәуірінен кейін әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіруді және ұстауды жүзеге асыру ұсынылсын.
      7. Азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясы мүшелерінің және медициналық қызметкерлердің шақыру учаскесінде жұмыс істеу уақытында жұмыс орны, қызметі және жалақысы сақталсын.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Асылбекке жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Б.Сыздықов

      КЕЛІСІЛДІ:

Отырар аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы
«___» ____________2011 жыл


Жандарбеков Қажымұхан Әметұлы


Отырар аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы
«___» ____________2011 жыл


Ошақбаев Бақытжан Қаратайұлы

Отырар аудандық емхананың бас дәрігері
«___» ____________2011 жыл


Құрманбекова Шахаризада Мамытқызы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады