Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 15.05.2014 № 31-199/V шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 108–бабының 5-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТТІ:
1. Қарабастау ауылының шегіне жалпы алаңы 76 гектар "Ақ-сай" өндірістік кооперативінің жерін қоса отырып, Қарабастау ауылының шегі өзгертілсін.
2. Осы бірлескен шешім және қаулының орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың ауыл аумақтарды дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін (А.Турсиметов).
3. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сайрам ауданының әкімі У.Қайназаров
Сессия төрағасы Ф.Аликулов
Сайрам аудандық мәслихатының хатшысы Т.Төлендиев