Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 01.02.2013 № 31 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. 2011 жылы ауданның ауылдық елді, мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорттың мамандарына:
1) жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;
2) тұрғын үй сатып алу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит ұсынылсын.
2. Осы шешiм алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Cессия төрағасы М.Есалиев
Аудандық мәслихаттың хатшысы Т.Төлендиев