Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 05.02.2013 № 21 хатымен).
Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бап, 1 тармақ, 15 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» Қаулысының 2 тармағына сәйкес және аудан әкімінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 2391 ұсыныс хатын қарап, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. 2011 жылға Сарыағаш ауданының ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына жетпіс айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы және бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ә.Рахымбердиев
Аудандық мәслихат хатшысының
міндетін уақытша атқарушы Б.Садықов