Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының
14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып, 2011 жылғы 31 қаңтардағы жалпы жиналысының хаттамасы негізінде, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Құмкент ауылы, Қызылкөл елді мекеніндегі атауы жоқ көшесіне Шералы Беркінбаевтың аты берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауыл әкімі Қ.Еспенбетов