Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 12/65-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Заңының 36-бабы мен Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 30 маусымдағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының 1 бабының 37 тармағының 9) тармақшасына сәйкес, Төлеби аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. «Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режиміне сәйкес біржолғы талондардың құнын белгілеу туралы» Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 12 ақпандағы № 12/90-ІV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-13-49 нөмірімен тіркелген, «Төлеби туы» газетінің 14 -нөмірінде 2009 жылғы 21 наурызында жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1 тармақтағы «Біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режиміне сәйкес біржолғы талондардың құны № 1, 2 қосымшаларға сәйкес белгіленсін» деген сөздер «Базар аумағындағы дүңгіршіктердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолданады» деген сөздермен ауыстырылсын;
шешімнің 1 қосымшасындағы «ауыл шаруашылығы техникалары, жүк көліктері, автобустар» деген сөздер алып тасталынсын;
шешімнің 2 қосымшасындағы «тұрақты» деген сөз «стационарлық» деген сөзбен; «тікпе көшет» деген сөздер «екпелер» деген сөзбен; «тірі» деген сөз «табиғи» деген сөзбен; «үй жанындағы ауыл шаруашылығы, бау-бақша және саяжай учаскелерінің өнімдері» деген сөздер «қосалқы ауыл шаруашылығы, бағбандық бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдері» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы Ж. Опышев
Аудандық мәслихат хатшысы Ә.Шыңғысбаев