2011-2013 жылдарға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 19 сәуірдегі N 189 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 5 мамырда N 14-14-153 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының 2014 жылғы 22 қаңтардағы № 82 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының 22.01.2014 № 82 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы, 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-тармағына және 20-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстарға қатыстыруды және жұмыссыздар санын азайту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011-2013 жылдары жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Түлкібас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Б.Мірқадыров) бекітілген тізбеге сәйкес 2011-2013 жылдарға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға қатыстыруды жүзеге асырсын.
      3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбекақысы тиісті қаржыландыру жылға арналған бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын мөлшерде белгіленсін.
      4. Түлкібас ауданының экономика және қаржы бөлімі (Т.Есембаева) ақылы қоғамдық жұмыстарға жалақы төлеуге қарастырылған қаражаттың уақтылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары
Д.Пралиевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Аудан әкімі                                Қ.Абдуалиев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Түлкібас ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы         С.С.Арапбаев
      19 сәуір 2011 жыл

      Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы
      Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының
      Түлкібас аудандық бөлімшесінің бастығы     Ғ.С.Ахылбеков
      19 сәуір 2011 жыл

      Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
      жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығының
      Түлкібас филиалының басқарушысы            А.С.Белгібаев
      19 сәуір 2011 жыл

      Түлкібас аудандық ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    С.А.Қасымбеков
      19 сәуір 2011 жыл

      Түлкібас аудандық архивінің директоры      Ә.Е.Маматаева
      19 сәуір 2011 жыл

      Түлкібас ауданының
      әділет басқармасының бастығы               З.Н.Тюмебаев
      19 сәуір 2011 жыл

Түлкібас ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 19 сәуірдегі
№ 189 қаулысымен бекітілген

      2011-2013 жылдары жұмыссыздарды ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз ететін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі

р/с

Ұйымдардың тізбесі

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Көлемі (адам)

2011

жыл

2012

жыл

2013

жыл

1.

Ауылдық, поселкелік округтері әкімінің аппараттары мемлекеттік мекемелер

Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтау

15

15

15

2.

Ауылдық, поселкелік округтері әкімінің аппараттары мемлекеттік мекемелер

Жолдар құрылысы және оларды жөндеу, көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау, әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салу және жөндеу

125

135

145

3.

Ауылдық, поселкелік округтері әкімінің аппараттары мемлекеттік мекемелер

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

225

225

225

4.

«Түлкібас аудандық ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қоғамдық тәртіпті сақтауға көмек көрсету

20

20

20

5.

«Түлкібас аудандық архиві» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

12

12

12

6.

« Түлкібас ауданының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

8

8

8

7.

«Түлкібас аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

15

15

15

8.

«Түлкібас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Көгалдандыру ағаштарды отырғызу, күтіп ұстау

15

15

15

9.

«Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Түлкібас филиалы

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

5

5

5

10.

Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Түлкібас аудандық бөлімшесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

10

10

10

11.

«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

5

5

5

12.

«Түлкібас ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

5

5

5

13.

«Түлкібас ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

30

30

30

14.

«Тұраркент су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

Аумақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру

10

10

10


Барлығы:


500

510

520

      Сұраныс пен ұсынысқа қарай қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2011, 2012, 2013 жылдарға арналған аудандық бюджетте қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыратын ұйымдар жұмыссыздардың жалақысына үстеме ақы белгілеуі мүмкін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады