Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және аумақ халқының пікірін ескере отырып, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы, Арыс ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. Түлкібас ауданы, Арыс ауылдық округі, Мақталы ауылында орналасқан Төбелі көшесінің аты Сатыбалдыұлы Нұрмаханбет көшесі деп өзгертілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзыретіме қалдырамын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдық округ әкімі К.Амалов