Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды және сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 1 наурыздағы N 115 Қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 4 наурызда N 14-15-111 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 11 сәуірдегі N 209 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы әкімдігінің 2011.04.11 N 209 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28 бабының 4 және 6 тармағына және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шардара аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен бірлесе отырып (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындардың тізбесі 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау өткізу кезеңінде кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізімі 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      3. Ауыл округтерінің әкімдері үгіттік баспа материалдарын барлық кандидаттар үшін тең құқықтар қамтамасыз ететін жағдайда орналастыруды, сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайларды беру шарттарының бірдей және тең болуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиевке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                М.Мараим

      КЕЛІСІЛДІ:

      Шардара аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы
      _____________Жарияқүл Шүкір Өтелұлы

      «1» наурыз 2011 жыл

Шардара ауданы әкімдігінің
«01» наурыз 2011 жылғы
№ 115 қаулысына № 1 қосымша

      Шардара ауданы бойынша барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

      1. Шардара қаласы бойынша:

1

Ө.Түгелбаев даңғылы Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебінің алаңы

тақта

2

Ғ.Мұратбаев көшесі № 2 мектеп интернаты ғимаратының алды

тақта

3

Қазыбек би көшесі М. Горький атындағы орта мектебінің алды

тақта

4

С.Әшіров көшесі аудандық орталық аурухана ғимаратының алды

тақта

5

Ж.Қолдасов көшесі Ж.Жабаев атындағы бастауыш мектебінің алды

тақта

6

Төменгі тоғай Қ.Аманжолов атындағы орта мектебінің алды

тақта

7

Өтеғұл ауылы Құрманғазы атындағы орта мектебінің алды

тақта

      2. Қ. Тұрысбеков ауылдық округі бойынша:

1

Қарабеков көшесі

тақта

2

Ақберді ауылдық бастауыш мектебі ғимаратының алды

тақта

3

Қуанқұдық ауылдық фельдшерлік-акушерлік пунктінің алды

тақта

      3. Қоссейіт ауылдық округі бойынша:

1

Қонаев, Ұзыната көшесі қиылысы

тақта

2

Сырдария атындағы орта мектебінің алды

тақта

      4. Көксу ауылдық округі бойынша:

1

Т.Айбергенов атындағы орта мектебі ғимаратының алды

тақта

2

С.Ерубаев атындағы орта мектебі ғимаратының алды

тақта

3

Баспанды бастауыш мектебінің ғимараты

тақта

4

Айдаркөл қашар бастауыш мектебінің ғимараты

тақта

      5. Ұзыната ауылдық округі бойынша:

1

Ұзыната атындағы орта мектебі ғимаратының алды

тақта

2

Ауылдық клубтың алды

тақта

      6. Қазақстан ауылдық округі бойынша:

1

Ауылдық мәдениет үйі ғимараты

тақта

2

Қисабеков көшесі

тақта

      7. Қызылқұм ауылдық округі бойынша:

1

Молдағұлова, Сейфуллин көшесі қиылысы

тақта

2

Ауылдық клуб

тақта

      8. Сүткент ауылдық округі бойынша:

1

Т. Тәжібаев орта мектебі ғимаратының алды

тақта

      9. Ақшеңгелді ауылдық округі бойынша:

1

Ауылдық клуб

тақта

      10. Достық ауылдық округі бойынша:

1

Орталық мәдениет үйі

тақта

      11. Жаушықұм ауылдық округі бойынша:

1

Жаушықұм көшесі

тақта

Шардара ауданы әкімдігінің
«01» наурыз 2011 жылғы
№ 115 қаулысына № 2 қосымша

       Кандидаттардың сайлаушылармен кездесу өткізу үшін шарттық негізінде берілетін үй-жайлар тізімі 

Қала, ауылдық округтер атауы

Өткізілетін орны

Мекен жайы

1. Шардара қаласы

№ 16 кәсіптік лицей залы

С.Әшіров көшесі

2. Қазақстан ауылдық округі

Мәдениет үйі

Қисабеков көшесі

3. Достық ауылдық округі

Мәдениет үйі

Қазыбек би көшесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады