Ескерту. Күші жойылды - Шардара аудандық мәслихатының 2012.02.24 N 2-11-V Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және Шардара аудандық мәслихатының 2004 жылғы 7 сәуірдегі № 5-25-ІІІ "Аудан аумағындағы жерлерді аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту туралы" шешіміне сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Салық кодексінің 378, 379, 381, 383-баптарында белгіленген автотұраққа (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда жер салығының базалық ставкалары 50 процентке жоғарылатылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы З.Талбидин
Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков