Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара аудандық мәслихатының 2012.02.06 № 20 хатымен.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 Қаулысымен бекітілген Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну ережесінің 2-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТI:
1. Шардара ауданына 2011 жылы жұмыс iстеу және тұру үшiн келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына қажеттiлiктi ескере отырып, бiр маманға жетпiс айлық есептiк көрсеткiшке тең сомада көтерме жәрдемақысы және тұрғын үй сатып алу үшiн бір мың бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын сомада әлеуметтік қолдау ұсынылсын.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Р.Қарабаева
Аудандық мәслихат хатшысы Т.Бердібеков