Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Мыналар белгіленсін:
1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі;
2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағының аумағын шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (В.Е.Чернецкий) "Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасында (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу үшін және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуына және қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін, арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г. В. Пинчукке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |
Келісілді: | |
Су ресурстарын пайдалануды | |
реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс | |
бассейндік инспекциясының бастығы | Д. Тілеубаев |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау | |
министрлігі Мемлекеттік санитарлық- | |
эпидемиологиялық қадағалау комитетінің | |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша | |
департаментінің директоры | Т. Ерубаев |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 152 қаулысына қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының оң жағалауында су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуі
№ р/с | Су объектісі, оның учаскесі | Су қорғау аймағы | Соның ішінде су қорғау белдеуі | ||||
Шекарасының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | Шекарасының ұзындығы, (шақырым) | Алаңы, (га) | Орташа ені (метр) | ||
| Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасы, оң жағалауы | 25,6 | 2086,0 | 250-1400 | 55,12 | 254,3 | 35-75 |
Ескертпе: су қорғау аймағы мен су қорғау белдеуінің шекаралары мен ені "Октябрьский кентінен бастап Бұқтырма су электрстанциясының бөгетіне дейінгі тұстардағы Бұқтырма су қоймасының (оң жағалауы) су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.
Шығыс Қазақстан облысы табиғи | |
ресурстар және табиғат пайдалануды | |
реттеу басқармасының бастығы | В. Чернецкий |