Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Зырян және Күршім аудандары аумағында "Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" мемлекеттік мекемесінің қорғау аймағын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 25 тамыздағы N 189 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 қыркүйекте N 2554 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 123-бабына, «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және 184348-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, ұсынылған жобаларды қарап, «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесін қолайсыз сыртқы әсерден ерекше күзету мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) жер пайдаланушылар мен меншік иелерінен жер учаскелерін алмай, Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай, Зырян және Күршім аудандары аумағында «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Парк) ені 2 километрден кем емес қорғау аймағы;
      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Парктің қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары;
      3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 43 және 48-баптарына сәйкес Парктің қорғау аймағы аумағында табиғат пайдаланудың режимі мен тәртібі белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Г.В. Пинчукке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Облыс әкімі                                Б. Сапарбаев

      Келісілді:

      Шығыс Қазақстан облыстық
      орман және аңшылық шаруашылығы
      аумақтық инспекциясының бастығы            А. Калмыков

Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
2011 жылғы 25 тамыздағы
№ 189 қаулысына
қосымша

«Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік
мекемесінің қорғау аймағының көлемдері мен шекаралары

      1. Қорғау аймағының жалпы аумағы - 46774,1 гектар.
      2. Катонқарағай, Зырян және Күршім аудандарының жерлерінде қорғау аймағы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» мемлекеттік мекемесінің шекарасын бойлай орналасқан, шығысында ресей-қытай шекарасының түйіліскен жерінен бастап оңтүстікке қарай «Марқакөл орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің аумағына дейін; оңтүстік-батыста «Марқакөл орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің аумағынан бастап Форпост хуторына дейін; батысында «Үлкен-Нарын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің аумағынан бастап, одан әрі солтүстікке қарай «Зырян орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесінің аумағымен Ресей Федерациясының шекарасына дейін.
      Қорғау аймағына «Үлкен-Нарын орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне тиісті - 1320,0 гектар, «Зырян орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесіне - 2589,0 гектар, 10952,9 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер және 31912,2 гектар босалқы жерлер кіреді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады