"Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы" 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV шешімге өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 08 желтоқсандағы N 34/403-IV шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 2561 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/268-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 10.10.2018 № 23/268-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 182-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Азаматтардың кейбір санаттарына төленетін әлеуметтік көмектің мөлшері туралы" Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 16 қазандағы № 15/209-IV (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2515, 2009 жылғы 17 қарашадағы № 199-200, 2009 жылғы 19 қарашадағы № 201-202 "Дидар", 2009 жылғы 18 қарашадағы № 183 "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Денсаулық сақтау мемлекеттiк секторы ұйымдарының ауылдық жерде және қала үлгiсiндегi кенттерде жұмыс iстейтiн медицина және фармацевтика қызметкерлерiне коммуналдық қызметтерге және отынға арналған шығыстарды 7200 (жеті мың екі жүз) теңге көлемінде өтеу белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы

Б. Мамраев



Шығыс Қазақстан облыстық


мәслихатының хатшысы

В. Ахаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады