Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Өскемен қалалық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 10 қазандағы қорытындысына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ және Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Солнечная көшесі Астана көшесіне қайта аталсын.
2. «Өскемен қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала бюджетін түзету кезінде көшені қайта атауға байланысты жұмыстарды орындауға қаражат қарастырсын.
3. «Өскемен қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2011 жылғы 31 желтоқсанға дейін көшені қайта атау бойынша жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Қ. Нұрғазиевқа және Өскемен қалалық мәслихатының депутаттық өкілеттік, әлеуметтік инфрақұрылым және заңға сәйкестік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (М.А. Мишин) жүктелсін.
5. Осы шешім мен қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Д. Құсаинов |
Өскемен қаласының |
Қалалық мәслихаттың |