Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы әкімдігінің 2012.12.10 N 1742 қаулысымен (ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 13) тармақшасы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20-бабы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары негізінде, уақытша жұмыспен қамту және халықтың жұмысқа орналасуда қиындықтарды бастан кешіп жүрген топтарын қолдау мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, нақты жағдайлары, қатысушылардың қаржыландыру көздері және еңбекке ақы төлеу мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Қатысушылардың еңбек ақысы 2012 жылға белгіленген ең төменгі бір жалақы мөлшерінде бекітілсін.
3. Меншік нысандарына қарамастан ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер басшыларына:
1) осы қаулының орындалуын ұйымдастыру;
2) жұмыскерлердің жекелеген санаттарына (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, көп балалы аналарға, мүгедектерге, он сегіз жасқа толмаған тұлғаларға) толық емес жұмыс күнімен жұмыс істеуге мүмкіндік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолдансын.
4. «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Қ. Е. Төлесбаев):
1) жұмыссыз азаматтарды жұмыс берушілер өтінімдер сәйкес қоғамдық жұмыстарға жіберсін;
2) нысаналы топтарға кіретін жұмыссыз азаматтарды қоғамдық жұмыстарға бірінші кезекте тартсын;
3) жұмыс берушімен қоғамдық жұмыстарды орындауға шарт жасасын.
5. Қаулының атқарылуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Семей қаласының әкімі А. Кәрімов
Қала әкімдігінің
2011 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 1512 қаулысына қосымша
2012 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс орындарын беруші ұйымдар, кәсіпорындар, мекемелер тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі, қатысушыларды қаржыландыру көздері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2012.03.02 N 211 қаулысымен (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Р/с |
Жұмыс берушінің атаулары |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемдері |
Жұмыс орындарының саны |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
«Семей қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс; |
25-35 құжат |
15 |
жергілікті бюджет |
2. |
«Семей қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмыс |
25-35 құжат |
8 |
жергілікті бюджет |
3. |
«Теплокоммунэнерго» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (келісім бойынша) |
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу |
30-35 құжат |
20 |
жергілікті бюджет |
4. |
«ШҚО Семей қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі |
ағымдағы және мұрағат құжаттарымен жұмысқа көмектесу |
40-50 құжат |
25 |
жергілікті бюджет |
5. |
«Семей қаласының әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
халықты құжаттандыру бойынша техникалық жұмыстарды жүргізуге көмектесу |
700 құжат |
35 |
жергілікті бюджет |
6. |
«ШҚО Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу |
10-12 құжат |
4 |
жергілікті бюджет |
7. |
«Семей қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу |
12-15 құжат |
10 |
жергілікті бюджет |
8. |
«Семей қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу |
18-20 құжат |
8 |
жергілікті бюджет |
9. |
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың ШҚО филиалы Семей қалалық бөлімшесі (келісім бойынша) |
зейнетақы істерімен жұмысқа көмектесу; мұрағат құжаттарымен жұмыс |
42000 зейнетақы ісі; |
30 |
жергілікті бюджет |
10. |
«ШҚО-ның қазіргі заман тарихын құжаттандыру орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу |
35-40 құжат |
15 |
жергілікті бюджет |
11. |
“Семей қаласының қорғаныс істері жөніндегі баскармасы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
шақырылғандардың жеке істерін; есептік - қызметтік карталарын, шақыру құжаттарын ресімдеу бойынша жұмысқа көмектесу; мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмыс |
50 іс; |
12 |
жергілікті бюджет |
12. |
“Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасы” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
үй-жайларды жиыстыру |
120 шаршы метр |
4 |
жергілікті бюджет |
13. |
«Семей қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекетік мекемесі (келісім бойынша) |
салық хабарламаларын тіркеуге, оларды салық төлеушілердің мекенжайлары бойынша жеткізуге көмектесу; оларды рәсімдеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру |
10000 хабарлама; 200 шаршы метр; |
12 |
жергілікті бюджет |
14. |
«Семей қаласының әкімшілік соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты көркейту |
20-25 құжат; |
8 |
жергілікті бюджет |
15. |
Семей қаласының № 2 соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
мұрағат кұжаттарымен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру |
20-25 құжат; |
8 |
жергілікті бюджет |
16. |
«Семей қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволық қарасты бөлімдері (келісім бойынша) |
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру, үй-жайларды жиыстыру |
50-55 құжат; |
25 |
жергілікті бюджет |
17. |
«Семей қалалық соты» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
мұрағат кұжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру |
15-20 құжат; |
4 |
жергілікті бюджет |
18. |
Семей өңірі бойынша қаржы полициясы басқармасы (келісім бойынша) |
мұрағат кұжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты жиыстыру; үй-жайларды жиыстыру |
10-15 құжат; |
4 |
жергілікті бюджет |
19. |
«Семей қаласының статистика басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу |
30-40 құжат |
12 |
жергілікті бюджет |
20. |
«Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі, Семей қалалық № 2 өртке қарсы қызмет жасағы (келісім бойынша) |
үй-жайларды жиыстыру |
800 шаршы метр |
12 |
жергілікті бюджет |
21. |
«Семей қалалық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақтарды көркейту және көгалдандыру |
20-25құжат; |
8 |
жергілікті бюджет |
22. |
«Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу; |
15-20 құжат; |
8 |
жергілікті бюджет |
23. |
«Семей қаласының белгілі тұрағы және құжаттары жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу; |
25-30 құжат; |
20 |
жергілікті бюджет |
24. |
«ШҚО бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Семей филиалы (келісім бойынша) |
мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу |
20-25 құжат |
8 |
жергілікті бюджет |
25. |
ШҚО Ішкі істер департаменті жол полициясының № 2 жеке батальоны (келісім бойынша) |
мұрағат және ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу; |
20-25құжат; |
8 |
жергілікті бюджет |
26. |
«Семей қаласының прокуратурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты көркейту |
20-25 құжат; |
8 |
жергілікті бюджет |
27. |
«Семей қаласының мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету орталығы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
үй-жайларды жиыстыру; |
600 шаршы метр; |
20 |
жергілікті бюджет |
28. |
Білім беру ұйымдары мен мекемелері, соның ішінде балалардың мектепке дейінгі мекемелері (келісім бойынша) |
үй-жайларды жиыстыру және жөндеу; аумақты көркейту |
1500 шаршы метр; |
80 |
жергілікті бюджет |
29. |
Семей қаласының арнаулы орта білім беретін оқу орындары: |
ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; |
20-30құжат; |
10 |
жергілікті бюджет |
30. |
Облыстық Семей тарихи-өлкетану мұражайы (келісім бойынша) |
ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмысқа көмектесу; аумақты көркейту |
10-15 құжат; |
4 |
жергілікті бюджет |
31. |
«Семей қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналык әлеуметтік мекемесі” мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
науқас және егде жастағы адамдарды күту; құжаттармен жұмысқа көмектесу; |
15 адам; |
12 |
жергілікті бюджет |
32. |
«Семей қаласының мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
аумақты көркейту |
800 шаршы метр |
8 |
жергілікті бюджет |
33. |
Денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелері: |
аумақтарды көркейту; |
10,5 гектар |
80 |
жергілікті бюджет |
34. |
Білім бөлімінің «Аула клубтары қауымдастығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) |
тұрғылықты жері бойынша балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу |
20 аула клубтарында |
40 |
жергілікті бюджет |
35. |
ШҚО сот актілерін орындау Департаментінің Семей, Жаңасемей аумактық сот орындаушылар бөлімдері (келісім бойынша) |
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу |
25-30 құжат |
16 |
жергілікті бюджет |
36. |
«Семей қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу |
15-20 құжат; |
4 |
жергілікті бюджет |
37. |
«Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу |
15-20 құжат; |
8 |
жергілікті бюджет |
38. |
«Семей қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
оқырмандарға қызмет көрсетуге, кітап қорларымен жұмыстарға көмектесу; аумақтарды көркейту |
50-60 адам; |
4 |
жергілікті бюджет |
39. |
“Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі” мемлекеттік мекемесі |
азық-түлік және азық-түлік емес тауар бағаларының мониторингісін жүргізуге көмектесу; құжаттармен жұмысқа көмектесу |
60-70 құжат; |
35 |
жергілікті бюджет |
40. |
Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министірлігінің «Жетысу аймақтық ауыл шаруашылық дақылдарының сортын сынау инспектурасы» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша) |
көкөністерді өсіру жөніндегі маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар |
0,5 гектар |
12 |
жергілікті бюджет |
41. |
«Семей қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
мұрағатқа өткізу үшін құжаттарды әзірлеуге көмектесу; ағымдағы құжаттармен жұмысқа көмектесу |
10-12 құжат; |
4 |
жергілікті бюджет |
42. |
«Қалалық достық үйі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) |
ағымдағы кұжаттармен жұмысқа көмектесу; үй-жайларды жиыстыру, жөндеу жұмыстары |
10-15 құжат; |
4 |
жергілікті бюджет |
43. |
«Семей қаласының орталық мәдениет және демалыс саябағы» мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (келісім бойынша) |
аумақтарды көгалдандыру және көркейту |
2 гектар |
8 |
жергілікті бюджет |
44. |
Жаңасемей өңірінің ауылдық округтері: |
ауылдар аумақтарын жиыстыру, көркейту; хат-хабарды жеткізу |
2,3 гектар |
120 |
жергілікті бюджет |
45. |
«Шульба кентінің әкімі» мемлекеттік мекемесі (келісім бойынша), |
хат-хабар жеткізу; |
10-15 құжат; |
70 |
жергілікті бюджет |
46. |
Абыралы өңірінің ауылдық округтері: |
ауылдар аумақтарын жиыстыру, көркейту; |
1,9 гектар |
70 |
жергілікті бюджет |
47. |
Қоғамдық бірлестіктер: «Жарық» Семей қалалық зағиптар қоғамы», |
құжаттармен жұмысқа көмектесу; |
40-50 құжат |
60 |
жергілікті бюджет |
48. |
Әуесқой бағбаншылардың тұтынушы кооперативтері: |
саяжай алабына іргелес көшелерді санитарлық тазалау |
450 гектар |
100 |
жергілікті бюджет |
Жиыны: |
1100 |
---|
Қоғамдық жұмыстардың нақты шарты:
Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды, екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыстың шарттарынан туындайтын жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлері қолданылады, жұмыссыздардың еңбегін төлеу орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеу, денсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орнын толтыру, зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, он сегіз жасқа толмаған адамдар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен көзделеді.
Аппарат басшысының
міндетін атқарушы Б. Мусин