2011 жылғы 30 наурыздағы № 738 "2011 жылдың көктемі және күзінде азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" қаулыға өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 21 қазандағы N 1189 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Риддер қалалық әділет басқармасында 2011 жылғы 17 қарашада N 5-4-156 тіркелді. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы N 1352 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Риддер қаласы әкімдігінің 2011.12.28 N 1352 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21 бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылғы 30 наурыздағы № 738 «2011 жылдың көктемі және күзінде азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» қаулыға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5-4-147 тіркелген, 2011 жылғы 26 мамырдағы № 21 «Мой город Риддер» газетінде жарияланды) келесі өзгерту енгізілсін:
      осы қаулының қосымшасына сәйкес, аталмыш қаулының 1 қосымшасы жаңа басылымда баяндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Е.В. Соколоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Риддер қаласының әкімі                     М. Сапарғалиев

      Келісілді:

      «Риддер қаласының
      қорғаныс істері жөніндегі
      бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы, подполковник           Ә. Олжабаев
                                                 2011 ж. 21 қазан

      «Риддер қаласының
      ішкі істер бөлімі» мемлекеттік
      мекемесінің бастығы, подполковник          Р. Камзин
                                                 2011 ж. 21 қазан

      «Риддер қаласының медициналық
      бірлестігі» мемлекеттік
      коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының директоры                     Г. Кітаппаева
                                                 2011 ж. 21 қазан

Риддер қаласы әкімдігінің
2011 жылғы 21 қазандағы
№ 1189 қаулысына
қосымша

2011 жылдың көктемі мен күзінде
ер азаматтарды шұғыл әскери қызметке шақыруды жүргізетін
қалалық шақыру комиссиясының құрамы

Комиссия төрағасы:

Әлібек Дәуітұлы Олжабаев, «Риддер қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (келісім бойынша)

Комиссия төрағасының орынбасары:

Елена Васильевна Соколова, Риддер қаласының әкімі орынбасарының міндеттерін атқарушы

Комиссия мүшелері:

Айбек Мамашұлы Жақанбаев, «Риддер қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

Ардагүл Ердосқызы Байсбаева, «Риддер қаласының медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының терапевт-дәрігері (келісім бойынша)

Комиссия хатшысы:

Дария Қалиқанқызы Дюсупова, «Риддер қаласының медициналық бірлестігі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының медбикесі (келісім бойынша)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады