2011 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру нысаналы топқа жататын тұлғалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 01 шілдедегі N 23 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Абай ауданындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 12 тамызда N 5-5-127 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы N 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы әкімдігінің 2011.12.26 N 132 қаулысымен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 13)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5)-тармақшасына20-бабына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру ережесінің негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2011 жылы төлемді қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізімі, қоғамдық жұмыстардың көлемі, түрлері, қаржыландыру көздері және нақты жұмыс жағдайлары, қатысушылардың еңбекақысының мөлшері (1 қосымшаға сәйкес бекітілсін).
      2. Қатысушылардың еңбек ақысының мөлшері радиациялық қауіпті аймақта тұрғаны үшін қосымша төлеммен 2011 жылға белгіленген 1 ең төменгі еңбекақы мөлшерінде бекітілсін.
      3. Ұйым басшыларына (келісім бойынша) жұмыскерлердің жекелеген санатына (кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, жұмыскерлер, он сегіз жасқа толмағандартолық емес жұмыс күнмен жұмыс істеуге мүмкіншілік беру, сондай-ақ жұмыс уақытын ұйымдастырудың икемді түрлерін еңбек шартымен ерешеліктерін ескере отырып, біліктілік санатына Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкестігін қолдану ұсынылсын.
      4. 2011 жылға арналған нысаналы топтар тізімі (2 қосымшаға сәйкес бекітілсін).
      5. Төлемді қоғамдық жұмыстар түрінің тізімі (3 қосымшаға сәйкес бекітілсін).
      6. Абай ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 04 наурыздағы № 183 «2010 жылы ауданда ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде) 2010 жылы 07 сәуірде № 5–5–105 болып тіркелген, 2010 жылы 20-31 мамырда «Абай елі» аудандық газетінің № 14 (095) санында жарияланған).
      7. Осы қаулынын жауапкершілік нормаларын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (С. Ә. Татиева) жүктелсін.
      8. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
      9. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      
      Аудан әкімі                                    Т. Мүсәпірбеков

      Абай ауданының әкімдігінің
      2011 жылғы 01 шілдедегі
      қаулыcына 1 қосымша

      2011 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тiзімi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi, қаржыландыру көздерi және нақты жағдайлары

Р/с

Мекемелердің атауы

Қоғамдық жұмыс түрлері

Атқарылатын жұмыстар көлемі

Сұраныс (жарияланған қажеттілік)
(адам)

Ұсыныс (бекітілген)
(адам)

Қаржыландыру (теңге) жергілікті бюджеттен

1

2

3

4

5

6

7

1

Қарауыл ауылдық округі мемлекеттік мекеме
Кеңгірбай-би ауылдық округі мемлекеттік мекеме
Көкбай ауылдық округі мемлекеттік мекеме
Құндызды ауылдық округі мемлекеттік мекеме
Архат ауылдық округі мемлекеттік мекеме
Қасқабұлақ ауылдық округі мемлекеттік мекеме
Саржал ауылдық округі мемлекеттік мекеме
Тоқтамыс ауылдық округі мемлекеттік мекеме
Медеу ауылдық округі мемлекеттік мекеме

шаруашылық кітаптарын нақтылауға байланысты сауалнамаларға, мұрағаттық құжаттармен жұмысқа қатысу;ауланы тазарту, аймақты экологиялық сауықтыру (көгалдандыру және абаттандыру); маусымдық–жылыту жұмыстары; ветеринариялық-санитарлық алдын-алу іс шараларына қатысу; мәдени бағыттағы ауқымды іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесу;

20-25 құжат

жылына
2 рет

12 іс-шара

22

7

8

4

7

6

3

2

3

22

7

8

4

7

6

3

2

3

1353105-00

577210-00

494752-00

371064-00

577210-00

494752-00

185532-00

206146-00

185532-00

2

Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық соты
(өз келісімі бойынша)

мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды, шақырту қағаздарын жеткізу

140 құжат

5-10 құжат

4

4

247376-00

3

Абай аудандық мәдениет үйі және «Арман» кинотеатры мемлекеттік мекемесі
(өз келісімі бойынша)

мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу, аудандағы көлемді мәдени іс-шараларды өткізуге көмектесу

30 құжат

15 іс-шара

3

3

185532-00

4

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің «Абай аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

Картотека, мұрағаттың ағымдағы құжаттардағы жұмыстарға көмектесу; хат-хабарларды жеткізу; ауланы тазалау.

20-25 құжат

3

3

185532-00

5

Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаменті «Абай ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімі бойынша)

мұрағаттық жұмыстарға көмектесу; хат-хабарларды жеткізу; ауланы тазалау

500 құжат

5

5

309220-00

6

Абай ауданының прокуратурасы мемлекеттік мекемесі
(өз келісімі бойынша)

мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; кіріс журналдарын жүргізу, бақылау құжаттарын тігуге көмектесу; ауланы тазалау;

20-30материал

10-15 құжат

2

2

123688-00

7

Шығыс Қазақстан облысы бойынша нотариалдық палата Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті жеке нотариус
(өз келісімі бойынша)

мұрағаттық жұмыстарға көмектесу;

30 құжат

1

1

61844-00

8

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімі мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

шақырылғандардың жеке істерін; қызметтік есеп карточкаларын, әскер қатарына шақыру құжаттарын және шақырушыларға шақыру қағазын рәсімдеу жұмыстарын атқару, мұрағаттық құжаттармен жұмыс; хат-хабарларды жеткізу;әскер қатарына шақырушыларға шақыру қағазын жеткізу;

50 іс;

25 құжат

5

5

309220-00

9

Абай ауданының 49-өрт сөндіру бөлімі Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті «ӨСжАКЖҚ» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу;

15-20 құжат

5

5

309220-00

10

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер Департаменті Абай ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

Картотека, мұрағаттық, ағымдағы құжаттардағы жұмыстарға көмектесу, хат-хабарларды жеткізу; ауланы тазалау.

20-25 құжат

3

3

247376-00

11

Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының Шығыс Қазақстан облыстық филиалының Абай аудандық бөлімшесі
(өз келісімімен)

Зейнетақыны қайта есептеу үшін құжаттарды іріктеуде, зейнетақы істерімен жұмыста көмек; Экология бойынша макет істерін өңдеуде көмек; ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуде көмек, хат-хабарларды жеткізу;

9363 зейнетақы ісі;

10 макет

50-60 құжат

4-5 құжат

5

5

309220-00

12

«Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

ағымдағы және мұрағат құжаттармен,картотекамен жұмыста көмек, хат-хабарларды жеткізу; әлеуметтік жәрдемақы алушылардың материалдық–тұрмыстық жағдайларын зерттеуге көмектесу; әлеуметтік жәрдемақы алушылардың деректер базасын қалыптастыруға көмектесу; аулалар мен бөлмелерді тазарту.

1500 құжат

20-30 құжат

1000 іс

5-10 адам

7

7

432908-00

13

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу, хат-хабарларды жеткізу;

15-20 құжат

3

3

185532-00

14

«Абай аудандық М.Әуезов атындағы орталықтандырылған кітапхана» мемлекеттік мекемесі

оқырмандарға қызмет көрсету, аудандағы іс-шаралардың өтуіне көмек жасау, кітаптар қорына, газет журналдарды тігуге көмектесу;

10-20 адам

4

4

247376-00

15

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Шығыс Қазақстан бойынша Қазынашылық Департаментінің «Абай аудандық қазынашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу;

25-30 құжат

4

4

247376-00

16

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы РМҚК-ның Абай өндірістік учаскесі
(өз келісіммен)

Картотека, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; статистикалық мәліметтерді реттеуге және кіргізуге көмектесу;

300 іс

3

3

185532-00

17

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

аудандық спорттық-бұқаралық іс–шараларды дайындау мен өткізуге көмектесу; ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу; ауланы тазалау;

20 іс-шара

25-35 құжат

12

12

742127-00

18

«Нұр-Отан» Халықтық Демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Шығыс Қазақстан облысы Абай аудандық филиалы
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу;

25-30 құжат

3

3

185532-00

19

Құнанбай қажы атындағы мешіт
(өз келісімімен)

ауланы тазалау;


3

3

185532-00

20

Абай ауданының медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
(өз келісімімен)

Картотека, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; статистикалық мәліметтерді реттеуге және кіргізуге көмектесу;

50-100

6

6

371064-00

21

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы ауылдық ақпараттық кеңес беру олрталығы
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу;

10-15 құжат

2

2

123688-00

22

«Жалпы орта білім беретін мектеп–лицей» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу; ауланы тазарту;

40-50 құжат

30 құжат

7

7

577210-00

23

«Абай ауданы бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

ауланы тазарту;


3

3

185532-00

24

«Карауыл мектеп гимназиясы» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

Ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу; ауланы жинастыру; (көгалдандыру және абаттандыру);

50-80 құжат

45 құжат

5

5

309220-00

25

Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Абай елі» газеті
(өз келісімімен)

жергілікті газетті уақытында тарату жұмыстарына көмектесу; хат-хабарларды жеткізу;

1000 дана

5-10 құжат

3

3

185532-00

26

«Абай ауданы Әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу; ауланы тазарту;

40-50 құжат

30-40 құжат

6

6

371064-00

27

Казпочта акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу, хат-хабарларды жеткізу, ауланы тазарту;

10-15 құжат

500 дана

4

4

247376-00

28

«Абай ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу;

20-25 құжат

3

3

185532-00

29

Шаруа–қожалықтары
(өз келісімімен)

Ірі қара малды өсіру және жемдеу бойынша қысқа мерзімді жұмыстар;

100 бас

3

3

247376-00

30

Наубайхана және комерциялық ұйымдар
(өз келісімімен)

Нан өнімдерін тасу, ақтау, жөндеу жұмыстары;

150-200 дана

2

2

123688-00

31

Шығыс Қазақстан облысы Сот актілерін орындау департаментінің «Абай аумақтық сот орындаушылық бөлімі»
(өз келісімімен)

ағымдағы құжаттарға көмектесу; статистикалық мәліметтерді реттеуге және кіргізуге көмектесу, мекеменің, ұйымның каталогтарымен жұмыс істеуіне көмектесу;

15-20 құжат

30 құжат

10 мекеме

3

3

185532-00

32

Шығыс Қазақстан облысы мұрағаттар және құжаттама басқармасы «Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

заңды және жеке тұлғалар үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұранымдарды орындау жұмыстарына көмек;

100-150 іс

3

3

185532-00

33

«Баян Байгожина атындағы ясли–бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу;

10-15 құжат

2

2

123688-00

34

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Салық департаментінің Абай ауданы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

салықтық хабарламаларды тіркеуге көмектесу; заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық істерін мерзімі бойынша жою мұрағат жұмыстарына көмектесу, хат-хабарларды жеткізу;

2000 хабарлама

500 салық ісі

1000–нан астам хат, хабарлама

7

7

432908-00

35

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу, бөлмелерді тазалау;

20-30 құжат

5

5

309220-00

36

«Жәнібек Кәрменов атындағы саз мектебі» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

аумақты жинастыру;


3

3

185532-00

37

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының статистика басқармасы»
(өз келісімімен)

ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; статистикалық есепті енгізуде және дайындауда көмек; хат-хабарларды жеткізу;

20 құжат

200 құжат

20-25 құжат

4

4

247376-00

38

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі

аудандағы мәдени іс-шараларды өткізуге көмек көрсету; ағымдағы құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу;

40 іс-шара

15 құжат

3

3

185532-00

39

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауаданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу;

30 құжат

5-10 құжат

2

2

123688-00

40

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарлар мен ескертулерді жеткізу;

30 құжат

30-40 құжат

2

2

123688-00

41

Мемжерғылөнорталығының Шығыс Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорынның Абай аудандық жер-кадастрлық филиалы
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу;

20-30 құжат

10 құжат

3

3

185532-00

42

«Ғылым және білім беру қызметкерлері кәсіподағының Абай аудандық кеңесі» филиалы
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу;

10-15 құжат

2

2

123688-00

43

Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Шығыс энерготрейд» Абай учаскесі
(өз келісімімен)

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу;

20-25 құжат

2

2

123688-00

44

Акционерлік қоғамы жинақтаушы зейнетақы қоры «Ұлар Үміт»

ағымдағы және мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу;

10-15 құжат

1

1

82459-00

45

«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының құрылыс сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу; хат-хабарларды жеткізу;

20-30 құжат

30-35 құжат

2

2

123688-00

46

«Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесі
(өз келісімімен)

мұрағат құжаттармен жұмыс істеуге көмектесу, хат-хабарларды жеткізу, ауланы тазарту

100 іс

5-6 құжат

3

3

185532-00


Барлығы



230 230 15000000-00

 
      Қоғамдық жұмыстың нақты шарты:
      Жұмыс аптасының ұзақтығы 5 күнді құрайды екі демалыс күн беріледі, сегіз сағаттық жұмыс күні, түскі үзіліс 1 сағат, жұмыс уақытын есептеу табелінде көрсетілген, жұмыстын көлеміне және сапасына ауырлығына байланысты дәлелді жұмыс істеген уақыты арқылы жұмыссыздың жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырылады; еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық, арнайы киіммен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, уақытша жұмысқа жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуденсаулыққа мертігу немесе басқа зақымдану салдарынан келтірілген зияндардың орынын толтыру зейнетақы және әлеуметтік ақша аударулар Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жүргізіледі. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін (кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдер, көп балалы аналар, мүгедектер, жұмыскерлер, он сегіз жасқа толмағандар) қоғамдық жұмыстардың шарттары сай келген санаттың еңбек шарттарының ерекшеліктерін ескерумен анықталады және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жасалатын еңбек шарттарымен қарастырылады.
      
      
      Аппарат басшысы                                      А. Абилов

      Абай ауданының әкімдігінің
      2011 жылғы 01 шілдедегі
      қаулыcына 2 қосымша

      Нысаналы топтар тізбесі

      1. Тұрмыс жағдайы төмен отбасылар.
      2. 21 жасқа дейінгі жастар.
      3. Балалар үйінде тәрбиеленетіндер, жетім балалар, ата-анасының қамкорынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар.
      4. Кәмелеттік жасқа толмаған бала тәрбиелейтін жалғыз басты, көп балалы ата-аналар.
      5. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген, қамкорлықтарында үнемі күтім, көмек қажет ететін тұлғалары бар азаматтар.
      6. Зейнеткер жасына дейінгі (зейнеткерлікке екі жыл қалған) адамдар.
      7. 50 жастан асқан әйелдер.
      8. Мүгедектер.
      9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар.
      10. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар.
      11. Оралмандар.
      12. Жазғы демалыс кезеңіндегі тұрмысы төмен отбасыларының 16 мен 18 жас аралығындағы жоғары сынып оқушылары мен студенттер.
      13. Кәсіби бастапқы, орта және жоғары білім орындарын бітірушілер.
      14. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстан қысқарған, жартылай жұмыс күні жағдайындағы және жалақысыз демалыста болудағы азаматтар.
      
      
      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                                   С. Татиева

      Абай ауданының әкімдігінің
      2011 жылғы 01 шілдедегі
      қаулыcына 3 қосымша

Төлемді қоғамдық жұмыстар түрлерінің тізбесі

      1. Елді мекен, өндірістік кәсіпорындар аумақтарын тазартуда тұрмыстық-коммуналдық шаруа ұйымдарына көмек көрсету.
      2. Жол жөндеу бойынша қосалқы жұмыстар.
      3. Медициналық объектілерді ұстауды жақсартудағы медициналық мекемелерге көмек.
      4. Үлкен және кіші көпірлерді, өзендерді тазалауға қатысу.
      5. Әлеуметтік-мәдени объектілерді жөндеу, тұрғын үйлерді жаңарту, құрылыс жұмыстарына көмектесу.
      6. Тарихи-сәулеттік ескерткіштерді, кешендерді, қорық аймақтарын қалпына келтіру.
      7. Аймақтарды экологиялық сауықтандыру (көгалдандыру және көркейту).
      8. Мәдени бағыттағы көлемді шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету (спорттық жарыстар, фестивальдар, мейрамдар, халық шығармашылығының байқауы және тағы басқалар), тұрғылықты жер бойынша балалар мен жасөспірімдердің дем алуын ұйымдастыру.
      9. Республикалық және аймақтық қоғамдық науқандар өткізуге көмек көрсету, (халық санағына, әлеуметтік сұрауларға, шаруашылық кітаптарды өткізуге, қорғаныс істері жөніндегі бөліміне, салық органдарына көмек көрсету, мұрағаттық құжаттармен жұмыс істеуге қатысу.
      10. Малды, құсты бордақылауға, көкөніс және дәнді дақылдар өсіру жөніндегі маусымдық қысқа мерзімді жұмыстар.
      11. Жұмыстардың басқа түрлері:
      1) мал дәрігерлік санитарлық-алдын алу шараларына көмектесу;
      2) ауыл шаруашылығының зиянкестерімен күрес жүргізу;
      3) мерзімдік жылыту жұмыстары;
      4) баспасөз басылымдары мен жазбаша хат-хабар жеткізу;
      5) ғимараттарды тазалау;
      6) азық-түлік тауарларын шығару және сату;
      7) халық тұтынатын тауарларды шығару және сату;
      8) наубайханаларда, асханаларда, мектеп асханаларында қосалқы жұмыстар;
      9) экологиялық құжаттарды тіркеу жұмыстарына қатысу.
      
      
      Аудандық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімінің бастығы                                   С. Татиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады