Аягөз ауданының Малкелді ауылдық округінің Малкелді ауылында шектеу іс-шараларын енгізе отырып ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 07 қарашадағы N 821 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 21 қарашада N 5-6-142 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы N 35 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз ауданы әкімдігінің 2012.01.19 N 35 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Малкелді ауылдық округінің Малкелді ауылында жылқы малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аягөз ауданының Малкелді ауылдық округінің Малкелді ауылында жылқы малдары арасында құтыру ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шараларын енгізе отырып, ветеринариялық режим белгіленсін.
      2. Аудандық аумақтық ауыл шаруашылық инспекциясының мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бас инспекторына (А. Мұқанов), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығына (Д. Жұмақанов) жеке және заңды тұлғалармен орындауға міндетті ветеринарлық іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылсын.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Аягөз ауданы әкімінің орынбасары М. Төлегеновке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудан әкімі                                Ә. Мұхтарханов

      Келісілді:

      Аягөз аудандық аумақтық
      ауыл шаруашылық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринарлық-
      санитарлық бас инспекторы                  А. Мұқанов
                                                 7.11.2011 ж.

      Аягөз аудандық санитарлық-
      эпидемиологиялық қадағалау
      басқармасының бастығы                      Д. Жұмақанов 
                                                 7.11.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады