2011 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 18 наурыздағы N 01-02/32-16 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Аягөз аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 22 сәуірде N 5-6-133 тіркелді. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 01-02/37-8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Аягөз аудандық мәслихатының 2011.12.22 N 01-02/37-8 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 2011 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Аягөз аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 01-02/15-5 «2009 жылға тіркелген салық ставкаларының айлық мөлшерлерін бекіту туралы» (2009 жылы 8 мамырда нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 5-6-92 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2009 жылғы 16 наурыздағы № 21-22 (9870-9871) сандарында жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Сессия төрағасы                            К. Салқымбаев 

      Мәслихат хатшысы                           М. Темеков

Қосымша      
Аягөз аудандық мәслихатының
2011 жылғы 18 наурыздағы 
№ 01-02/32-16 шешімімен 
бекітілген         

Рет №

Салық салу нысанының атауы

Тіркелген салықтық базалық ставкаларының көлемі (айлық есептік көрсеткіште)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

4

Бильярд үстелі

5

      Аудандық мәслихат хатшысы                  М. Темеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады