Глуховка ауылдық округінің ірі қара малдың қарасан індеті бойынша шектеу енгізе отырып карантин режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 1 маусымдағы N 216 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Бесқарағай ауданындағы Әділет басқармасында 2011 жылғы 29 маусымда N 5-7-97 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі N 269 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2011.07.15 N 269 қаулысымен. 
      
      
      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 18) тармақшасына, Глуховка ауылдық округі Глуховка ауылына ірі қара малдың қарасан індеті бойынша 2011 жылғы 19 мамырдағы жүргізген комиссиялық эпизоотиялық тексеру актісін қарастыра отырып, Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Глуховка ауылдық округінің Глуховка ауылына ірі қара малдың қарасан індеті бойынша карантин режимі белгіленсін.
      2. Глуховка ауылдық округінің әкімі (Закуов Б. Д.) қарасан ошағын жою кезінде ветеринарлық қызметтерге көмек көрсетсін.
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ. Садыковқа жүктелсін.
      4. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      
      
      Аудан әкімі                               К. Байгонусов
      
      Келісілген:
      
      ҚР АШМ АӨК МИК
      Бесқарағай ААИ бастығы                       А. Шабданов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады