Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011.05.19 N 366 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 28-бабы, 6-тармағына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Катонқарағай ауданы бойынша үгіт-насихат баспа материалдарын орналасу жерлерінің тізімін қарай келе, барлық үміткерлердің тең құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. № 8 Катонқарағай сайлау округі бойынша Катонқарағай аудандық мәслихатының депутатына үміткерлер үшін Катонқарағай ауданы бойынша үгіт насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы С. Мубараковқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Б. Рақышева
Келісілді:
Аудандық аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы М. Тлеубаев
Катонқарағай аудандық әкімдігінің
2011 жылғы 21 ақпандағы
№ 282 қаулысына қосымша
Катонқарағай ауданының № 8 Катонқарағай сайлау округі бойынша
мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттардың үгіт-насихат
баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар
№ 8 Катонқарағай сайлау округі бойынша:
Катонқарағай ауылы – Абай көшесі, «Қаратай» спорт кешенінің маңында.
Топқайың ауылы – «Алтынай» дүкенінің жанында.
Аудан әкімі аппаратының басшысы С. Мубараков