Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 27 қазандағы N 548 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 9 қарашада N 5-13-97 тіркелді. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 01 сәуірдегі N 1319 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Катонқарағай аудандық әкімдігінің 01.04.2013 N 1319 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес Катонқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерiнде жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Б. Рақышеваға жүктелсiн.
      3. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Аудан әкiмi                          А. Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады