Үгiт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 22 қарашадағы N 608 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 28 қарашада N 5-13-101 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 725 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012.03.12 N 725 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 12-тармақтарына сәйкес, Катонқарағай аудандық әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Үгiт-насихат баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар осы қаулыға қосымшаға сәйкес белгiленсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмi аппаратының басшысы Д. Алдажаровқа жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Аудан әкiмінің міндетін атқарушы           Б. Рақышева

      Келiсiлдi:

      Аудандық аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасы                     М. Тлеубаев

      2011 жыл 22 қараша

Катонқарағай аудандық әкiмдiгінiң
2011 жылғы 22 қарашадағы
№ 608 қаулысына қосымша

Үгiт-насихат баспа материалдарын
орналастыруға арналған орындар

      1. Үлкен Нарын ауылдық округi бойынша:
      Үлкен Нарын ауылы – Астана көшесiндегi 22-кәсiптiк лицейдiң жанында;
      Үлкен Нарын ауылы - Шабдан Тумашинов көшесi бойындағы ашық базардың жанында;
      Үлкен Нарын ауылы - Слямов көшесiндегi май зауытының жанында;
      Жұлдыз ауылы - Амангелдi көшесi, фельдшерлiк пункттiң жанында;
      Көктерек ауылы - Құсметов көшесi 39 үй, фельдшерлiк пункттiң жанында;
      Балғын ауылы - Омаров көшесi, «777» дүкенiнiң жанында;
      Юбилейное ауылы - Гагарин көшесi, «Эльвира» дүкенiнiң жанында;
      Свинчатка ауылы - Морской көшесi, «Сұңқар» дүкенiнiң жанында.
      2. Ново-Хайрузовка ауылдық округi бойынша:
      Алыбай ауылы - Абай көшесi 13 үй, фельдшерлiк пункт ғимаратының жанында;
      Ново-Хайрузовка ауылы - Школьный көшесi 15 үй, ауыл орталығында;
      Приморск ауылы - фельдшерлiк пункттiң жанында;
      Кұңдызды ауылы - фельдшерлiк пункттiң жанында.
      3. Солдатово ауылдық округi бойынша:
      Солдатово ауылы - Совет көшесi, спорт кешенiнiң жанында.
      4. Новоберезовка ауылдық округi бойынша:
      Новоберезовка ауылы - ауыл орталығындағы «Бекет» дүкенiнiң жанында;
      Майемер ауылы – ауыл орталығындағы «Майемер» дүкенiнiң жанында;
      Үштөбе ауылы – ауыл орталығында;
      Яры ауылы - ауыл орталығында.
      5. Новополяковка ауылдық округi бойынша:
      Новополяковка ауылы - Сельская көшесi, ауыл орталығындағы «Диляра» дүкенiнiң жанында;
      Бесүй ауылы - Қ. Рысқұлбеков көшесi, ауыл орталығындағы дүкеннiң жанында;
      Огнева ауылы - Қазақстан көшесi, ауыл орталығындағы «Сабина» дүкенiнiң жанында;
      Сенное ауылы - Тәуелсiздiк көшесi, ауыл орталығындағы «Тополек» дүкенiнiң жанында;
      Ульян ауылы - Достық көшесi, ауыл орталығында.
      6. Аққайнар ауылдық округi бойынша:
      Аққайнар ауылы - Абай көшесi, «Қайнар» дүкенiнiң жанында;
      Қызыл-Жұлдыз ауылы - Абай көшесi, мектептiң жанында;
      Қайыңды ауылы - Ә. Молдағұлова көшесi, «Шұғыла» дүкенiнiң жанында;
      Ақмарал ауылы - Маралды көшесi, мектептiң жанында.
      7. Ақсу ауылдық округi бойынша:
      Ақсу ауылы – Ақсу ауылының клубы, пошта ғимаратының жанында;
      Жазаба ауылы – Катонқарағай МҰТП Ақсу филиалы Жазаба  учаскесінің кеңсесі ғимаратының жанында;
      Бекалқа ауылы - Катонқарағай МҰТП Ақсу филиалы Бекалқа учаскесінің кеңсесі ғимаратының жанында;
      Ақшарбақ ауылы - Катонқарағай МҰТП Ақсу филиалы Ақшарбақ  учаскесінің кеңсесі ғимаратының жанында.
      8. Коробиха ауылдық округi бойынша:
      Коробиха ауылы – Новосельская көшесiнiң бойында;
      Барлық ауылы – Абай көшесiнiң бойында;
      Үшбұлақ ауылы - Үшбұлақ көшесiнiң бойында.
      9. Өрел ауылдық округi бойынша:
      Өрел ауылы – Өрел орта мектебi, балалар бақшасының ғимараты жанында, Қабанбай, Орталық көшелерiнде;
      Еңбек ауылы – орта мектептiң жанында, орталықтағы дүкеннiң алдында;
      Аршаты ауылы – орта мектептiң жанында, орталықтағы дүкеннiң алдында.
      10. Жамбыл ауылдық округi бойынша:
      Жамбыл ауылы – Жамбыл орта мектебiнiң ғимараты жанында, «Маралды» шаруа қожалығы ғимаратының жанында;
      Берел ауылы – Берел орта мектебiнiң ғимаратының жанында, ауылдық клуб ғимаратының жанында, Берел орманшылығы ғимаратының жанында;
      Маралды ауылы – бастауыш мектеп ғимараты жанында, Маралды  шаруа қожалығы кеңсесінің жанында;
      Рахман қайнары ауылы – «Рахмановские ключи» ЖШС-нiң ғимаратының жанында.
      11. Белқарағай ауылдық округi бойынша:
      Белқарағай ауылы – Белқарағай ауылының орталық көшесiнде «Елтай» дүкенiнiң қатарында;
      Топқайың ауылы – «Алтынай» дүкенi көше беттегi қабырғасында;
      Өрнек ауылы – «Ауылым» дүкенi көше беттегi қабырғасында;
      Согорное ауылы – «Жадыра» дүкенi көше беттегi қабырғасында.
      12. Катонқарағай ауылдық округi бойынша:
      Катонқарағай ауылы – Абай көшесi 80 үй, мәдениет үйiнiң маңында, Абай көшесi 94 үй, «Қаратай» спорт кешенiнiң маңында;
      Қабырға ауылы – мектеп ғимаратының жанында;
      Жаңаүлгi ауылы – мектеп ғимаратының жанында;
      Шыңғыстай ауылы – Баекин көшесi, пошта бөлiмшесiнiң маңында;
      Мойылды ауылы – мектеп ғимаратының жанында.
      13. Солоновка ауылдық округi бойынша:
      Солоновка ауылы – Совет көшесi, ауылдық клуб ғимаратының маңында;
      Малонарымка ауылы – Совет көшесi, «Жас қанат» шаруа қожалығы ғимаратының жанында.
 

      Аудан әкiмi аппаратының басшысы            Д. Алдажаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады