Катонқарағай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылы тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы әкімінің 2011 жылғы 06 желтоқсандағы N 19 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Катонқарағай аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 23 желтоқсанда N 5-13-102 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 12 наурыздағы N 20 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2012.03.12 N 20 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңының 17-бабының 12 тармақтарына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. Катонқарағай ауданының қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнiң шақыру учаскесiне тiркеуге алынатын жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында тiркеуге алуы жүргiзiлсiн.
      2. «Катонқарағай ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры Д.Қ. Молдажановқа ұсынылсын:
      1) азаматтарды медициналық куәландырудан өткiзу үшiн қажетті мөлшерде дәрiгер мамандарды және орта буын медициналық қызметкерлерді бөлу;
      2) азаматтардың кеуде мүшелерiн флюорографиялық тексеру, кардиологиялық және басқа тексеру түрлерiнiң қабылдануын ұйымдастыру;
      3) шақыруға дейiнгiлерді тексеру және емдеудi қамтамасыз ету.
      3. Ауылдық округтердiң әкiмдерi, мемлекеттiк бiлiм мекемелерiнiң басшылары ауданның қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнің шақыру учаскесіне тіркелуге жататын әскер жасына дейінгілерді шақырылғаны туралы хабардар етуді және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.
      4. Катонқарағай ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы Т.С. Қолдыбаевқа медициналық комиссия жұмысы кезеңiнде шақыру учаскесiнде қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз ету, қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмнің хабарландыруы бойынша тiркеуден бас тартқан азаматтарды iздестiру және шақыру учаскесiне жеткiзуге жәрдемдесу ұсынылсын.
      5. Катонқарағай ауданының бiлiм беру, спорт және дене шынықтыру бөлiмiнің бастығы Л.Ж. Тоқсанова ауданның қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмiнің бастығы А.Д. Қаңтарбаевқа (келісім бойынша) тiркеуге алу кезiнде әскери-оқу орындарына түсу үшін үміткерлерді іріктеуге қолдау көрсетсін.
      6. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р.Т. Құрмамбаевқа жүктелсiн.
      7. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

      Аудан әкiмi                                А. Бекбосынов

      Келiсiлдi:

      Катонқарағай ауданының
      қорғаныс iстерi жөнiндегi
      бөлiмiнiң бастығы                          А.Д. Қаңтарбаев

      2011 ж. 06 желтоқсан

      Катонқарағай ауданының iшкі
      iстер бөлiмiнiң бастығы                    Т.С. Қолдыбаев

      2011 ж. 06 желтоқсан

      «Катонқарағай ауданының
      № 1 медициналық бірлестігі»
      КМҚК директоры                             Д.Қ. Молдажанов

      2011 ж. 06 желтоқсан

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады