2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке азаматтардың кезекті шақырылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 05 мамырдағы N 2049 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Күршім аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 13 мамырда N 5-14-128 тіркелді. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Күршім ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 12 қаңтардағы N 01-04/57 хаты)

      Ескерту. Қаулысының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Күршім ауданы әкімінің аппаратының 2012.01.12 N 01-04/57 хаты).

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 1 тармағының 8) тармақшасына, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 19202123 баптарына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығына, «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 3 наурыздағы № 1163 Жарлығын іске асыру туралы, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2011 жылғы 11 наурыздағы № 250 қаулысына сәйкес, 2011 жылы көктемде (сәуір-маусым), күзде (қазан-желтоқсан) азаматтарды мерзімді әскери қызметке уақытылы және сапалы шақыруды қамтамасыз ету мақсатында, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатуға құқығы жоқ он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскери қызметке шақыру бойынша белгіленген мерзімді әскери қызметті өткермеген азаматтарды 2011 жылдың сәуір-маусым, қазан-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыру өткізілсін.
      2. Шақыру комиссиясы құрылсын (1 қосымша).
      3. Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі бекітілсін (2 қосымша).
      4. Күршім ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (келісімі бойынша):
      1) шақыру пунктін жұмыс жүргізуге дайындау;
      2) дәрігер мамандармен және шақыру пунктінің әкімшілігімен нұсқаулық сабақтарын жүргізу;
      3) шақыруды өткізу үшін қажетті құжаттарды әзірлеу ұсынылсын.
      5. «Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директорына (келісімі бойынша), «Күршім ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директорына (келісімі бойынша):
      1) шақырылушылардың зертханалық талдауларының және кеуде органдарының флюорографиялық зерттелуін ұйымдастыру;
      2) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін емдеу мекемесінде қажетті орындар санын қамтамасыз ету;
      3) шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін ауданның қорғаныс істері жөніндегі бөліміне дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерінің қажет санын бөлу;
      4) шақырылушылардың уақытылы және сапалы түрде медициналық тексерілуі мен емделуін бақылау ұсынылсын.
      6. Күршім аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (келісімі бойынша):
      1) шақырылушыларды әскерге аттандыруда және аудандық шақыру комиссиясының жұмысы кезеңінде шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;
      2) мерзімді әскери міндеттерін орындаудан жалтарған азаматтарды іздестіру, оларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге жеткізуге жәрдемдесу ұсынылсын.
      7. Ауданның кәсіпорындары мен ұйымдарының басшыларына Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылған азаматтарды салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастыру ұсынылсын.
      8. Аудан әкімінің аппарат басшысына әскери қызметке шақырудың іс-шараларына жергілікті бюджетте қаралған қаржы есебінен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      9. Ауылдық округ әкімдеріне шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырылғандары туралы хабардар ету және шақыру комиссиясына келуін қамтамасыз ету тапсырылсын.
      10. 2011 жылғы 30 наурыздағы "Күршім ауданы аумағында 2011 жылдың көктемі мен күзінде мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізу туралы" № 2002 қаулысының күші жойылсын.
      11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д. Әлхановқа жүктелсін.
      12. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      Күршім ауданының әкімі                        А. Сеитов 

      Келісілді:

      Күршім ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы            Д. Жииндинов

                                                    05.05.2011 ж.

      Күршім аудандық ішкі істер
      бөлімінің бастығы                             А. Әбілмәжінов

                                                    05.05.2011 ж.

      «Күршім ауданының № 1 медициналық
      бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының директоры              М. Блейменов

                                                    05.05.2011 ж.

      «Күршім ауданының № 2 медициналық
      бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорнының директоры              К. Кузьменко

                                                    05.05.2011 ж. 

Күршім ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 5 мамырдағы
№ 2049 қаулысына
1 қосымша

Шақыру комиссиясының құрамы

Дамир Оразбекұлы Жииндинов

аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (келісім бойынша)

Шырақ Берікқанқызы Дабырбаева

аудандық ішкі саясат бөлімінің   жетекші маманы, комиссия төрағасының орынбасары

Күлия Тұрсынғалиқызы Нұрсеитова

«Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының мейірбикесі, комиссия хатшысы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

Айдын Саулебекұлы Кабитаев

Күршім аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры, (келісім бойынша)

Жанат Қапасқызы Әміренова

«Күршім ауданының № 1 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының поликлиника меңгерушісі (келісім бойынша)

Күршім ауданы әкімдігінің
2011 жылғы 5 мамырда
№ 2049 қаулысына
2 қосымша

Шақыру комиссиясының жұмыс кестесі


р/с

Ауылдық округтердің атаулары

Азаматтардың барлығы

Келу күндері бойынша

24.03.2011 ж.

28.03.2011 ж.

30.03.2011 ж.

04.04.2011 ж.

06.04.2011 ж.

11.04.2011 ж.

13.04.2011 ж.

18.04.2011 ж.

20.04.2011 ж.

25.04.2011 ж.

1

Күршім

80

30

20




20




10

2

Маралды

8





8






3

Қалғұты

21



21








4

Құйған

17







17




5

Балықшы

9








9



6

Сарыөлең

22




22







7

Абай

15









15


8

Теректі

65

20


15





15


15

9

Боран

64


30




25



9


10

Қалжыр

29







29




11

Ақбұлақ

18




18







12

Төсқайың

31





31






БАРЛЫҒЫ:

379

50

50

36

40

39

45

46

24

24

25

      Күршім ауданының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы                   Д. Жииндинов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады