Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімінің 2012.04.11 N 6 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 33-бабының 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес ШЕШТІ:
1. 2011 жылғы қаңтар-наурыз айларында 2011 жылы он жетіге толатын ер жынысты азаматтарды «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі Садовая көшесі, 6 мекен-жайында орналасқан шақыру учаскесінде есепке тіркеуді ұйымдастырсын.
2. Есепке тіркеуді уақытылы және сапалы өткізу мақсатында «Көкпекті ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) шақыру учаскесін дайындау және заңнамамен белгіленген өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.
3. Жасөспірімдерді сапалы медициналық куәландыру үшін «Көкпекті ауданының № 2 медициналық бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына (келісім бойынша) дәрігер-мамандар мен орта медициналық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Осы шешімнің орындалуына бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевқа жүктелсін.
5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті ауданының әкімі Д.Мусин
Келісілген:
«Көкпекті ауданының Қорғаныс
істер жөніндегі бөлімі» мемлекеттік
мекемесі бөлімінің бастығы М. Садықов
«Көкпекті ауданының № 2 медициналық
бірлестігі» коммуналдық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорыны директорының
міндетін атқарушы Р. Сафиуалинова