Ескерту. Күші жойылды - Көкпекті ауданы әкімдігінің 2012.04.16 N 143 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес Көкпектi ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. 2011 жылға Көкпекті ауданы бойынша халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте үнемі күтімді, көмекті және қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдарды күтіп ұстайтын азаматтар;
5) зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
6) мүгедектер;
7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған тұлғалар;
8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
9) оралмандар;
10) табысы аз адамдар;
11) мектептердің, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарының түлектері;
12) жазғы демалыс уақытындағы студенттер мен мектеп оқушылары;
13) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші – жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
14) ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін тұлғалар;
15) 50 жастан асқан әйелдер;
16) 55 жастан асқан ерлер.
2. «Көкпекті ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды уақытша жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;
2) халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмысқа орналастыруда көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Ж. Нұрғалиевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көкпекті аудан әкімінің м.а. Е. Нұрғалиев