Ескерту. Күші жойылды - Тарбағатай аудандық мәслихатының 21.12.2012 N 9-9 шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуация мен орфографиясы сақталған.
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100-IV Заңының 36-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Тарбағатай ауданы бойынша базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қолданатын бір жолғы талондардың құны № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Тарбағатай ауданы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға қолданылатын біржолғы талондардың құны № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Бір жолғы талондардың құны туралы» 2010 жылғы 27 қазандағы № 24-7 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 5-16-102 тіркелген, «Тарбағатай» газетінің 2010 жылғы 9 желтоқсандағы № 60 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Е. Жұмаханов
Тарбағатай аудандық
мәслихатының хатшысы М. Мағжаев
Тарбағатай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 33-5 шешіміне № 1 қосымша
Тарбағатай ауданы бойынша базарларда тауарларды өткізу,
жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен
оралмандар, дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін бір жолғы
талондардың құны (әрбір сатушы үшін бір күндік сауда, теңгемен)
Р/с |
Сауда түрлері және тауарлар ассортименті |
1 күндік бір жолғы талонның құны (теңгемен) |
1 |
Азық-түлік тауарлар: |
|
гастрономия, бакалея, кондитер өнімдері |
160 |
|
сөреден көкөністер, жемістер |
270 |
|
балмұздақ, салқындатқыш сусындар |
150 |
|
нан, тоқаш, кулинария өнімдері |
100 |
|
2 |
Қосалқы ауыл шаруашылығы өнімдерін сату: |
|
ірі қара малының еті |
400 |
|
қой еті |
250 |
|
3 |
Өнеркәсіптік тауарлар: |
|
киімдер сату |
200 |
|
қолдан жасалған тауарлар сату |
120 |
|
пайдаланылған тауарлар сату |
120 |
|
саман кірпіштерді саудалау |
100 |
|
мотор майлары мен тосол сату |
150 |
|
4 |
Қызмет көрсету: |
|
аяқ киім жөндеу |
200 |
|
шаштараз қызметі |
300 |
|
киім пішу, тігу |
150 |
|
бет әрлеу |
250 |
|
массаж |
250 |
|
5 |
Көліктің қосалқы бөлшектерін сату: |
|
пайдаланылған |
120 |
|
пайдаланылмаған |
200 |
|
6 |
Мал сату: |
|
қой |
300 |
|
ірі қара мал |
900 |
|
жылқы |
900 |
|
7 |
Жүк автомобилдерімен тауар сату: |
|
жүк көтерімі 3 тоннаға дейін: |
600 |
|
жүк көтерімі 3 тоннадан жоғары: |
1500 |
|
8 |
Көмір сату (1 жолғы тасымалдаудан түскен табысы 20000 тг) |
2000 |
Тарбағатай аудандық мәслихатының
2011 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 33-5 шешіміне № 2 қосымша
Тарбағатай ауданы бойынша ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға
қолданылатын бір жолғы талондардың құны (теңгемен)
Р/с |
Көрсетілетін қызмет түрлері |
1 күнге бір жолғы талон құны (теңгемен) |
1 |
Жеке тракторлармен жер өңдеу қызметін атқару, шөп шабу, сату, тасымалдау |
400 |
2 |
Үй жануарларын бағу: |
|
а) қой |
150 |
|
б) ірі қара малы |
250 |
|
в) жылқы |
350 |
|
3 |
Газеттер мен журналдар |
120 |
4 |
Тұқым сондай-ақ отырғызылатын бағбандық, бақшалық және саяжай учаскелерінің өнімдерін, үй жануарлары мен құстардың жемдерін |
220 |
5 |
Сыпыртықылар мен сыпырғылар |
180 |
6 |
Балық сату |
300 |