Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта ауылына карантин режимін енгізе отырып карантин аймағына ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы N 570 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2012 жылғы 04 қаңтарда N 5-18-138 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 11 сәуірдегі N 142 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің 2012.04.11 N 142 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарабұта ауылдық округінің Қарабұта ауылында ірі қара малдар арасынан аусыл ауруы пайда болуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы М. Ішкібаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      4. Қарабұта ауылдық округінің әкімі М. Шөмшековке шектеу белгіленген аумақтан немесе аумаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аумақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
      6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Үржар ауданының әкімі                      Б. Жанақов

      Келісілді:

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы Министрлігі
      агроөнеркәсіп кешеніндегі
      мемлекеттік инспекция Комитетінің
      Үржар аудандық аумақтық
      инспекциясының бастығы                     С. Садвакасов

      28 желтоқсан 2011 ж.

      Үржар ауданының ішкі
      істер бөлімінің бастығы                    М. Ішкібаев

      28 желтоқсан 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады