Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы әкімдігінің 2012.01.27 N 33 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 31 бабы 1 тармағының 18) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 9) тармақшасына сәйкес Үржар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бақты ауылдық округінің Бақты ауылында ірі қара малдар арасынан аусыл ауруы пайда болуына байланысты, карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағына ветеринарлық режим белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы С. Садвакасовқа осы карантин іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. Үржар ауданының ішкі істер бөлімінің бастығы М. Ішкібаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
4. Бақты ауылдық округінің әкімі Б. Сламбаевқа шектеу белгіленген аймақтан немесе аймаққа ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу және осы аймақтан алып кету, ауыл шаруашылығы жануарлары шикізаттарын, өнімдерін дайындау және өткізу, еңбекті ұйымдастыру Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамаларда белгіленген ережелерін сақтай отырып жүргізу тапсырылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Байсабыровқа жүктелсін.
6. Қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үржар ауданының әкімі Б. Жанақов
Келісілді:
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
агроөнеркәсіп кешеніндегі
мемлекеттік инспекция Комитетінің
Үржар аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы С. Садвакасов
29 желтоқсан 2011 ж.
Үржар ауданының ішкі
істер бөлімінің бастығы М. Ішкібаев
29 желтоқсан 2011 ж.