Қаратұма ауылдық округі аймағында ірі қара және мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қаратұма ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 наурыздағы N 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 15 сәуірде N 5-18-118 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы Қаратұма ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 03 қарашадағы N 19 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы Қаратұма ауылдық округі әкімінің 2011.11.03 N 19 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1046 ұсынысы негізінде Қаратұма ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қаратұма ауылдық округінің аймағында ірі қара және ұсақ мүйізді малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
      2. Қаратұма ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Жаркеновқа (келісімі бойынша) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Қаратұма ауылының отбасылық дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Е. Рамазановқа (келісімі бойынша) Қаратұма ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
      4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісімі бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға шаралар қабылдау ұсынылсын.
      5. Қаратұма ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Д. Сабазалиновқа (келісімі бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      6. Қаратұма ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық -санитариялық дәрігері С. Амреновқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      7. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

      Қаратұма ауылдық
      округінің әкімі                             М. Батырбаев

      Келісілді:

      Қаратұма ауылдық округінің
      мемлекеттік ветеринариялық-
      санитариялық инспекторы                     А. Жаркенов

      14 наурыз 2011 ж.

      Қаратұма ауылының отбасылық
      дәрігерлік амбулаториясының
      аға дәрігері                               Е. Рамазанов

      14 наурыз 2011 ж.

      Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы            Б. Нигматуллин

      14 наурыз 2011 ж.

      Қаратұма ауылдық округінің
      учаскелік полиция инспекторы               Д. Сабазалинов

      14 наурыз 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады