Қарабұлақ ауылдық округі аймағында ірі қара малдарынан бруцеллез індетінің шығуына байланысты шектеу қою туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 14 наурыздағы N 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 12 сәуірде N 5-18-115 тіркелді. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 19 қазандағы N 18 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - ШҚО Үржар ауданы Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің 2011.10.19 N 18 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2010 жылғы 24 қарашадағы № 05-15-1048 ұсынысы негізінде Қарабұлақ ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қарабұлақ ауылдық округінің аймағында ірі қара малдарының арасында бруцеллез індетінің шығуына байланысты, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шектеу іс-шараларын енгізе отырып шектеу қойылсын.
      2. Қарабұлақ ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Сабырбековке (келісімі бойынша) осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Үржар аудандық № 2 медициналық бірлестігі коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының директоры Н. Жакияноваға (келісімі бойынша) Қарабұлақ ауылдық округі тұрғындарының медициналық байқауын өткізу ұсынылсын.
      4. Үржар ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының бастығы Б. Нигматуллинға (келісімі бойынша) бруцеллез ауруына шалдыққан адамдарды дер кезінде анықтауға шаралар қабылдау ұсынылсын.
      5. Қарабұлақ ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Е. Бекішевке (келісім бойынша) сауықтыру іс-шараларын өткізуге көмек көрсету ұсынылсын.
      6. Қарабұлақ ауылдық округінің мемлекеттік ветеринариялық -санитариялық дәрігері С. Баянбаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастырсын.
      7. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      8. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі              Н. Қожақов 
 

      Келісілді:

      Қарабұлақ ауылдық округінің
      мемлекеттік ветеринариялық-
      санитариялық инспекторы                       А. Сабырбеков 
 
      14 наурыз 2011 ж.

      Үржар аудандық № 2 медициналық
      бірлестігі коммуналдық мемлекеттік
      қазыналық кәсіпорынының директоры             Н. Жакиянова 
 
      14 наурыз 2011 ж.

      Үржар ауданы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасының бастығы               Б. Нигматуллин 
 
      14 наурыз 2011 ж.

      Қарабұлақ ауылдық округінің
      учаскелік полиция инспекторы                  Е. Бекішев 
 
      14 наурыз 2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады