Жоғарғы Егінсу ауылындағы көшенің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылдық округі әкімінің 2011 жылғы 28 қазандағы N 9 шешімі. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Үржар аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 18 қарашада N 5-18-134 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес және ауыл тұрғындардың пікірін ескере отырып, Жоғарғы Егінсу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жоғарғы Егінсу ауылы Степная көшесінің атауы – Бораш Байсабыров атындағы көше болып өзгертілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылауды ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы К. Интышеваға жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Жоғарғы Егінсу
      ауылдық округ әкімі                        Е. Каримов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады