"2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" 2011 жылғы 18 наурыздағы № 332 қаулыға өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы N 210 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің Шемонаиха аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 09 желтоқсанда N 5-19-157 тіркелді. Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімінің аппаратының 2012 жылғы 12 қарашадағы N 5/4072 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шемонаиха ауданы әкімінің аппаратының 2012.11.12 N 5/4072 хаты).

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қадрлық өзгерістерге байланысты, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ:
      1. «2011 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы» 2011 жылғы 18 наурыздағы № 332 қаулыға (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 30 наурызда № 5-19-145 тіркелген, «ЛЗ-Сегодня» газетінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 14 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      аталған қаулының 1-қосымшасындағы:
      жолы:
      «Абдрахманов Ринат Жақанұлы - Шемонаиха ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы»;
      келесі редакцияда жазылсын:
      «Жииндинов Дамир Оразбекұлы - Шемонаиха ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шемонаиха ауданы әкiмiнiң орынбасары Т.Д. Колтуноваға жүктелсiн.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Шемонаиха ауданы әкімінің
      міндетін атқарушы                          В. Лонский

      Келiсiлдi:

      Шемонаиха ауданы қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімінің бастығы         Д. Жииндинов

      18.11.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады