Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 тамыздағы N 34-13 шешімі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 28 желтоқсандағы N 329 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 тамызда N 3068 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Жәнібек аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 8 шілдедегі N 170 және Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 16 шілдедегі N 25-2 "Жәнібек ауданының кейбір елді мекендерін тарату және олардың бағыныстылығын өзгерту туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданының кейбір елді мекендері таратылсын:
      Талов ауылдық округі бойынша Аманат ауылы;
      Талов ауылдық округі бойынша Комсомол ауылы;
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                 Сессия төрағасы
      Б. Ізмұхамбетов             М. Джакибаев
                                  Облыстық мәслихат хатшысы
                                  М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады