Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2011 жылғы 20 тамыздағы N 34-15 шешімі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2010 жылғы 24 желтоқсандағы N 313 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2011 жылғы 24 тамызда N 3070 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Шыңғырлау аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 13 сәуірдегі N 40 және Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 28-2 "Кейбір елді мекендерді тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының кейбір елді мекендері таратылсын:
      Ақбұлақ селолық округі бойынша Ағатан селосы;
      Қызылкөл селолық округі бойынша Үлгілі селосы;
      Лубен селолық округі бойынша Юбилейное селосы;
      Лубен селолық округі бойынша Отрадное селосы.
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                  Сессия төрағасы
      Б. Ізмұхамбетов              М. Джакибаев
                                   Облыстық мәслихат хатшысы
                                   М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады