Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық әкімдігінің 2011.07.26 N 204 Қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 20 маусымдағы N 431 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің Лбішін ауылы аумағына ірі қара малының арасында аусыл ауруы шығуына байланысты карантин режимін және шектеу іс-шараларын енгізе отырып, карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
2. "Ақжайық ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы М. Сердалинге, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақжайық аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушы К. Ермұқашев (келісім бойынша), Ақжайық ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы А. Абуғалиевке (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Ақжайық ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бастығы Т. Сүлейменоваға (келісім бойынша) қолданыстағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 28 сәуірдегі N 407 Қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ветеринарлық– санитарлық бақылау Ережесін және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 753 бұйрығымен бекітілген Жануарлардың аусыл ауруын алдын алу және жою туралы ветеринарлық Ережесіне сәйкес қажетті шараларды алу ұсынылсын.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 20 маусымнан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Хайруллинге жүктелсін.
Аудан әкімі А. Иманғалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы Министрлігі
Агроөнеркәсіптік кешендегі
мемлекеттік инспекция
комитетінің Ақжайық аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін
атқарушы
_____________К. Ермұқашев
24.06.2011 ж.
Ақжайық ауданының бас
мемлекеттік ветеринариялық-
санитариялық инспекторы
_____________А. Абуғалиев
24.06.2011 ж.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
Комитетінің Батыс Қазақстан
облысы бойынша департаменті
"Ақжайық ауданы бойынша
мемлекеттік санитарлық-
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасы" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
_____________Т. Сүлейменова
24.06.2011 ж.