Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық аудандық мәслихатының 27.12.2013 № 16-3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексін, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2010 жылғы 26 ақпандағы N 19-4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-2-87 тіркелген, 2010 жылғы 25 наурыздағы "Жайық таңы" газетінде N 13 жарияланған) шешіміне келесі толықтырулар енгізілсін:
1-тармағы мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) "Капустин Яр" және "Азғыр" ядролық сынақ полигондарының әсерінен зардап шеккен:
бала кезінен мүгедектеріне, 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға және І топ мүгедектеріне – 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ІІ топ мүгедектеріне - 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
ІІІ топ мүгедектеріне - 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2011 жылдың 1 сәуірінен туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
Сессия төрағасы А. Таудаев
Мәслихат хатшысы Д. Жақсыбаев