Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімінің 28.04.2012 № 9 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 33, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Ақжайық ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізу ұсынылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелерін тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізу дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен қамтамасыз етсін.
3. "Ақжайық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтарды шақыру учаскелерін тіркеу кезінде техникалық қызметкерлердің кажетті санын қамтамасыз етсін.
4. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу мен медициналық куәландыру:
1) Алғабас, Ақсуат, Ақжол, Бударин, Есенсай, Жайық, Жамбыл, Жанабұлақ, Қабыршақты, Құрайлысай, Қарауылтөбе, Мерген, Чапаев ауылдық округтерінде тұратындар үшін "Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесінде (келісім бойынша) ұйымдастырылсын.
2) Базаршолан, Базартөбе, Алмалы, Тайпақ, Сарытоғай ауылдық округтерінде тұратындар үшін Тайпақ ауылындағы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Ақжайық аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнында (келісім бойынша) ұйымдастырылсын.
5. "Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті Ақжайық ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) әскери мiндетті орындаудан жалтарған адамдарды iздестiру және ұстауы ұсынылсын.
6. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің орынбасары М. Д. Жұматоваға жүктелсін.
Аудан әкімі А. Имангалиев
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданының Қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы подполковник
_____________Б. Бердигалиев
01.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
Ішкі істер департаменті
Ақжайық ауданының ішкі
істер бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
подполковник
_____________Е. Бисенов
01.12.2011 ж.
"Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының Ақжайық
аудандық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Б. Ералин
01.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Ақжайық
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Д. Хайрушев
01.12.2011 ж.