Бөрлі ауданында ауыл шаруашылық жануарларды ұстау және жаю ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 2011 жылғы 15 қарашадағы № 31-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 20 желтоқсанда № 7-3-118 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 18 шілдедегі № 5-9 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихаттың 2012.07.18 № 5-9 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және   2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес, Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бөрлі ауданында ауылшаруашылық жануарларды ұстау және жаю Ережесі бекітілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  М. Куянов
      Аудандық мәслихат хатшысы        И. Измагамбетов

2011 жылғы 15 қарашадағы № 31-3
Бөрлі аудандық мәслихат шешімімен
бекітілген

Бөрлі ауданында ауыл шаруашылық
жануарларды ұстау және жаю
Ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Бөрлі ауданында ауыл шаруашылық жануарларды ұстау және жаю Ережесi (әрi қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" және 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарына сәйкес әзірленген.
      2. Осы Ереже Бөрлі ауданындағы ауыл шаруашылық жануарларды ұстау және жаю тәртібін ұйымдастыру және іске асыруын белгілейді.
      3.Осы Ережеде келесi негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
      1) ауыл шаруашылық жануарлары - адам өсiретiн, ауыл шаруашылық өндiрiсiне тiкелей қатысы бар ауыл шаруашылық жануарлары мен үй құстары;
      2) ауыл шаруашылық жануарлардың иелерi - жеке меншiк немесе басқа да қарауында ауыл шаруашылық жануарлары бар жеке немесе заңды тұлға;
      3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган - "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң агроөнеркәсiптiк кешенiндегi мемлекеттiк инспекциясы Комитетiнiң Бөрлі аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттiк мекемесi.

2. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстау және жаю

      4. Ауыл шаруашылық жануарлары арнайы жабдықтылған жабық орындарда ұстауы тиіс.
      5. Ауыл шаруашылық жануарларын ұстаудың міндетті шарттары:
      1) қолданылып жүрген заңнамалармен белгіленген уақытта ветеринарлық-санитарлық шараларын міндетті түрде жүргізу;
      2) карантин мен шектеу шаралары белгіленген жағдайда оның шарттары мен талаптарын сақтау;
      3) ветеринария саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтау;
      4) екi ай мерзiм iшiнде, жаңа туылған және сатып алынған ауыл шаруашылық жануарларды ветеринария саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару органдарында қаратуы және тiркетуі тиiс;
      5) ауыл шаруашылық жануарлары ауырған жағдайда, оларға уақытында ветеринариялық көмек көрсету;
      6) ветеринария саласындағы өкілетті органның талап етуі бойынша уақытында ауыл шаруашылық жануарларына диагноз қоюға, зерттеуге, емдеуге, қарауға, аурудың алдын алу үшін ветеринариялық мамандарға уақытында апару және жағдай жасау;
      7) барлық жануарларға паспорт алуды және бiрдейлендiрудi қамтамасыз ету;
      8) ауыл шаруашылық жануарларын қараусыз қалдырмау және бос бетiмен жiбермеу;
      9) ауыл шаруашылық жануарларын сатып алғанда, жоғалтқанда немесе өлгенде ол туралы уақытында ветеринария саласындағы өкiлеттi органға уақытында хабарлау;
      10) ауыл шаруашылық жануарлары адамға немесе басқа жануарға зақым келтiрген жағдайда, таяу маңдағы медициналық мекемелерге, ветеринариялық мамандарға хабарлау;
      11) ветеринариялық маманға жануарлардың мүрдесiн шығару және жою қажеттігі туралы уақытында хабарлау;
      12) санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормаларды сақтау;
      6. Ауыл шаруашылық жануарларын сату, әкелу, әкету ветеринария саласындағы өкiлеттi мемлекеттік орган беретiн, белгiленген үлгiдегi ветеринарлық сертификат болған жағдайда жол беріледі.
      7. Ауыл шаруашылық жануарларын су, әуе, темiр жол көлiктерiнде тасымалдау, осы көлiктерде тасымалдау Ережелерiне сәйкес, жүзеге асырылады.
      8. Ауылдық (селолық) округ әкiмдерi:
      1) елді мекен жерлерінде мал жаятын орындарды айқындайды;
      2) елдi мекендерде ауыл шаруашылық жануарларын бағуын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізу;
      3) қараусыз жүрген ауыл шаруашылық жануарларының уақытша тұрағын жерiн белгілейді.
      9. Ауыл шаруашылық жануарларын жаю:
      1) саябақтарда, саяжайларда және басқа да ортақ қолданылатын жерлерде рұқсат етілмейді;
      2) темiр жол қарауына алынған жерде жаюға рұқсат етілмейді;
      3) ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтауымен жүзеге асырылады;
      4) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерінің талаптарын сақтау кезінде жүзеге асырылады.
      10. Ауыл шаруашылық жануарларды айдау арнайы белгіленген орындарда, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаумен, жүзеге асырылады.

3. Осы Ереженi бұзғаны үшiн ауыл шаруашылық
жануарлары иелерiнiң жауапкершiлiгi

      11. Осы Ережелердi бұзғаны үшiн кiнәлi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады