Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы әкімдігінің 03.01.2013 № 15 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТТІ:
1. "Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Бөрлі ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда тiркелетiн жылы он жетi жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскесiне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, денсаулық сақтау басқармасының "Бөрлі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне жататын азаматтарды медициналық тексеруден (емделуге) өткізу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
3. Селолық округ әкімдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды атқарсын.
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджет қаражаты есебінен өтелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Сидыққа жүктелсін.
Аудан әкімі Б. Шакимов
КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің
бастығы
_____________Н. У. Кенжегалиев
30.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі, денсаулық сақтау
басқармасының "Бөрлі
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________А. А. Алдангаров
30.12.2011 ж.