Бөкей ордасы ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 17 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 қаңтарда N 7-4-127 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2012 жылғы 9 сәуірдегі N 10 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімінің 2012.04.09 N 10 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. "Батыс Қазақстан облысы Бөкейорда ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Бөкей ордасы ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Бөкей ордасы аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына (келісім бойынша) азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудан өткізуді, дәрі-дәрмекпен, құрал-сайманмен, медицина және шаруашылық мүлкімен жабдықтауды қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.

      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджет есебінен өтелсін.

      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.

      6. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Р.Карин

      КЕЛІСІЛДІ:
"Батыс Қазақстан облысы
Бөкейорда ауданының
Қорғаныс істері жөніндегі
бөлімі" мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін уақытша
атқарушы
_____________А. М. Қадешов
23.12.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
әкімдігі денсаулық сақтау
басқармасының "Бөкей ордасы
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттік коммуналдық
қазыналық кәсіпорнының
директоры
_____________Ә. У. Ғаббас
22.12.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады