Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 12 тамыздағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарын басшылыққа алып, тиісті аумақ халықтың пікірін ескере отырып, Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының 2011 жылғы 13 наурыздағы хаттамасы негізінде ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Жаңақала ауданы Жаңақала ауылындағы кейбір көше мен саябаққа келесі атаулар берілсін:
N 67 көшеге - "Габдулла Чулановтың атындағы" атау берілсін;
Жаңақала ауданы Жаңақала ауылы "Сатқали Сапаров" көшесіндегі Жаңақала жалпы орта білім беретін мектебінің алдындағы саябаққа "Сатқали Сапаровтың атындағы" атау берілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жаңақала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т. Бигалиевке жүктелсін.
Жаңақала ауылдық
округінің әкімі Д. Закарин