Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімінің 10.10.2014 N 817 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. "Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының Қорғаныс iстерi жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Зеленов ауданында 2012 жылдың қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына (келiсiм бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкiмдiгi денсаулық сақтау басқармасының "Зеленов аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнына (келiсiм бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарға медициналық тексеруден (емделуге) өткізу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
3. "Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санын қамтамасыз етсін.
4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
5. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г. Құлжановаға жүктелсін.
Аудан әкімі | Ғ.Қапақов |
КЕЛIСIЛДI:
"Батыс Қазақстан облысы
Зеленов ауданының Қорғаныс
iстерi жөнiндегi бөлiмi"
бастығы майор
_____________М. Есенов
21.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкiмдiгi денсаулық сақтау
басқармасының "Зеленов
аудандық ауруханасы"
мемлекеттiк коммуналдық
қазыналық кәсiпорнының
директоры
_____________Ғ. Ислямов
21.12.2011 ж.
Батыс Қазақстан облысының
әкiмдiгi денсаулық сақтау
басқармасының "Зеленов
аудандық орталық ауруханасы"
мемлекеттiк коммуналдық
қазыналық кәсiпорнының
директоры
_____________Н. Ахметова
21.12.2011 ж.