Қаратөбе аудандық мәслихатының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 10-8 "Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 21 маусымдағы N 29-5 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 14 шілдеде N 7-9-106 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 желтоқсандығы № 19-6 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәслихатының 18.12.2012 № 19-6 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Қаратөбе аудандық мәслихатының 2009 жылғы 2 наурыздағы N 10-8 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-9-78 тіркелген, 2009 жылғы 20 наурызда аудандық "Қаратөбе өңірі" газетінде N 12 жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Қаратөбе ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысының қатысушыларына - 35 000 теңге;
      2) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ауған соғысына қатысқандарға - 2 000 теңге;
      3) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысында қаза тапқандардың әскери қызметшілерінің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне - 3 000 теңге;
      4) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және қатысушыларының қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне) - 2 000 теңге;
      5) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне соғыс жылдары тылда еңбек еткен азаматтарға - 3 000 теңге;
      6) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Чернобыль атом электростанциясы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға - 2 000 теңге;
      7) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне бейбіт уақытта әскери қызметін өткізу кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына - 2 000 теңге;
      8) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілгендерге - 3 000 теңге:
      9) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Совет Армиясының мүгедегі мен Семей ядролық сынақ полигонының мүгедегіне - 2 000 теңге;
      10) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық, психоневрологиялық аурулардың және мүгедек баланың емделуі үшін бір жолғы көмек - 10 айлық есептік көрсеткіш;
      11) аз қамтылған азамат қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге берілетін біржолғы төлем - 11 айлық есептік көрсеткіш;
      12) өрттен, су тасқыны басқа да табиғи және техногендік сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) берілетін біржолғы көмек - 12 айлық есептік көрсеткіш;
      13) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған туберкулез ауруымен ауратындарға біржолғы көмек - 9 айлық есептік көрсеткіш;
      14) тұрмысы төмен табысы жоқ отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін қосымша қаражат бөлінген жағдайда - 9 айлық есептік көрсеткіш;
      15) ауданның 90 жасқа толған және одан жоғары жастағы мерейтой иегерлеріне бір жолғы көмек - 10 000 теңге;
      16) "Капустин-Яр" және "Азғыр" ядролық полигондары сынақтарынан зардап шеккен халыққа:
      бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және жалпы аурудан бірінші топ мүгедектеріне - 2 еселенген айлық есептік көрсеткіш;
      екінші топ мүгедектеріне - 1,5 айлық есептік көрсеткіш;
      үшінші топтағы мүгедектерге - 1 айлық есептік көрсеткіш.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енсін және 2011 жылдың 1 қаңтарынан басталған құқықтық қатынастар тартылады.
      3. Осы шешімнің орындалуына жауапкершілік Қаратөбе аудандық экономика және қаржы бөлімінің меңгерушісі Б. Б. Нұрмағамбетов пен Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің меңгерушісі М. И. Ермеғалиға жүктелсін.

      Сессия төрағасы                  Е. Гумаров
      Аудандық мәслихат хатшысы        Б. Тойшыбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады