Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр елді мекенінде карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 29 маусымдағы N 114 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 12 шілдеде N 7-10-105 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 132 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 15.07.2011 № 132 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, "Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің 2011 жылғы 25 мамырдағы  N 1-32-217 ұсынысы бойынша аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Сырым ауданы Жосалы ауылдық округінің Қоңыр елді мекенінде ірі қара малының қарасан індетінің пайда болуына байланысты карантин режимін енгізе отырып карантин аймағының ветеринариялық режимі белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің Сырым аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) ұсынылсын және Жосалы ауылдық округінің әкіміне, "Сырым аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т. Төреғалиевке жүктелсін.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы                Ж. Батырниязов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы
      Ауылшаруашылығы Министрлігі
      Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
      мемлекеттік инспекциясы
      комитетінің Сырым аудандық
      аумақтық инспекциясы"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________Т. Қобдабаев
      29.06.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады