Теректі ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеуді өткізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімінің 2011 жылғы 21 желтоқсандағы N 284 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 10 қаңтарда N 7-12-116 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. "Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) Теректі ауданында 2012 жылғы қаңтар-наурызда тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтардың шақыру учаскелеріне тіркеуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнына (келісім бойынша) және Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Теректі аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнына (келісім бойынша) шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын азаматтарды медициналық тексеруден (емделуге) өткізу жөнінде шаралар алу ұсынылсын.
      3. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі шақыру учаскелеріне тіркеу жұмыстарын ұйымдастыруға техникалық қызметкерлердің қажетті санымен қамтамасыз етсін.
      4. Аталған шараларға байланысты шығын жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен өтелсін.
      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      6. Осы шешімінің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. М. Сабировқа жүктелсін.

      Аудан әкімі                      А. Утегулов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Батыс Қазақстан облысы
      Теректі ауданының қорғаныс
      істері жөніндегі бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің
      бастығы
      _____________А. И. Кожангалиев
      20.12.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________Д. С. Сагинов
      20.12.2011 ж.

      Батыс Қазақстан облысының
      әкімдігі денсаулық сақтау
      басқармасының "Теректі
      аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттік коммуналдық
      қазыналық кәсіпорнының
      директоры
      _____________М. А. Утешев
      20.12.2011 ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады