Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылындағы көше атауларын өзгерту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Ақжайық селолық округі әкімінің 2011 жылғы 8 шілдедегі N 12 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Теректі аудандық әділет басқармасында 2011 жылғы 19 тамызда N 7-12-111 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, Ақжайық ауылы тұрғындар жиналысының 2010 жылғы 6 сәуірдегі хаттамасын және ономастикалық комиссиясының 2010 жылғы 13 қазандағы N 1 хаттамасын ескере отырып, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
      1. Теректі ауданы Ақжайық селолық округінің Ақжайық ауылындағы мына көшелерінің атаулары:
      Центральная көшесі - "Мұрат Насимуллин атындағы көше";
      Набережная көшесі – "Желтоқсан көшесі";
      Мир көшесі – "Бейбітшілік көшесі";
      В. И. Ленин көшесі – "Ақжайық көшесі";
      Глубинка көшесі – "Көкмешіт көшесі";
      Лесхозная көшесі – "Тәуелсіздік көшесі" деп өзгертілсін.
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      Ақжайық селолық округі әкімі     М. Г. Дуйсенгалиев
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
      
 
 
 
 
      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады